|
|
|
Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ережені бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысымен бекітілген
Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже
1. Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) тиісті үлгідегі барлық білім беру ұйымдары үшін үлгі болып табылады. Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже Yкiметтiң жеке кесiмiмен бекітіледi. Ескерту: 1-тармақ ҚР Үкіметінің 22.06.01 ж. № 849 қаулысымен сөйлеммен толықтырылды 2. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім), «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. 3. Білім беру ұйымдары қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылына алады. 5. Білім беру ұйымдарының құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуі тиіс. 6. Білім беру ұйымдары заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 7. Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының негізгі міндеті білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары мен тиісті білім бағдарламаларының талаптарын орындаудың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау болып табылады. 8. Білім беру ұйымдары мынадай түрлерге: мектепке дейінгі ұйымдарға жалпы білім беретін мектептерге, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарына, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғарғы кәсіптік білім беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді. Ескерту: 8-тармақ ҚР Үкіметінің 22.06.01 ж. № 849 қаулысымен сөйлеммен толықтырылды 9. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) бейімі мен қабілетіне сәйкес оқу мен тәрбиенің қол жетімділігі мен вариативтілігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ оқытудың жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті үлгідегі ережелермен реттелетін білім беру ұйымдарының әр алуан түрлері құрылуы мүмкін. 10. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) сұранысы мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, тиісті үлгідегі білім ұйымдарының білім беру бағдарламалары мынадай нысандарда игеріледі: күндізгі, сырттай (кешкі), арақашықтықтан оқыту, экстернат. 11. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан білім беру ұйымдарының білім беру қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады. 12. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының құқықтары мен міндеттерін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары белгілейді және ол аталған ұйымдардың құрылтай құжаттарында көрсетілуі тиіс. 13. Мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ оқушылардың (тәрбиеленушілердің) және (немесе) ата-аналардың (өзге де заңды өкілдердің) құқықтары мен міндеттерін көрсетілген ұйымдар айқындайды, құрылтай құжаттарында немесе білім беру ұйымдары мен көрсетілген тұлғалардың арасында жасалған білім беру деңгейін, оқыту мерзімін, ақысының мөлшерін айқындайтын шарттарда көрсетіледі. 14. Білім беру ұйымдарына қабылдаудың жалпы тәртібін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары айқындайды. 15. Білім беру ұйымдарының халықаралық қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттардың, келісімдердің және конвенциялардың негізінде жүзеге асырылады. 16. Білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |