Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілде № 1021 Қаулысы
(2025.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2025.31.12. № 1192 Қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 327 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2025.31.12. № 1192 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
ҚР Үкіметінің 11.10.2001. № 1313 ; 2003.26.09. № 979; 2004.03.08. № 829 ; 2008.26.05. № 502 (бұр.ред.қара); 2008.11.09. № 847 (бұр.ред.қара); 2009.14.09. № 1369 (бұр.ред.қара); 2009.12.10. № 1560 (бұр.ред.қара); 2010.17.09. № 957 (бұр.ред.қара); 2011.28.06. № 722 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2013.29.05. № 529 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.05. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.11.10. № 752 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.09.04. № 227 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.18.02. № 67 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.03.11. № 868 Қаулысымен (2022 ж. 7 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.17.08. № 702 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.06.10. № 881 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.20.02. № 105 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.16.07. № 567 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.26.05. № 368 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.28.10. № 897 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.31.12. № 1192 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 шілдедегі
№ 1021 қаулысымен бекітілген
Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының
тізбесі
| 1 | «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Алматы қаласы |
| 2 | ҚР Үкіметінің 11.10.2001 № 1313 қаулысымен алып тасталды |
| 3 | «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Алматы қаласы |
| 4 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі | Алматы қаласы |
| 5 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі | Алматы қаласы |
| 6 | «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Алматы қаласы |
| 7 | «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Өскемен қаласы |
| 8 | ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 529 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
| 9 | ҚР Үкіметінің 11.10.2001 № 1313 қаулысымен алып тасталды |
| 10 | «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Талдықорған қаласы |
| 11 | «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Атырау қаласы |
| 12 | «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Тараз қаласы |
| 13 | «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Қарағанды қаласы |
| 14 | ҚР Үкіметінің 11.10.2001 № 1313 қаулысымен алып тасталды | |
| 15 | «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Қызылорда қаласы |
| 16 | ҚР Үкіметінің 11.10.2001 № 1313 қаулысымен алып тасталды | |
| 17 | «Торайғыров университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Павлодар қаласы |
| 18 | «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Петропавл қаласы |
| 19 | ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 529 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) | |
| 20 | ҚР Үкіметінің 11.10.2001 № 1313 қаулысымен алып тасталды | |
| 21 | «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Орал қаласы |
| 22 | «М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Шымкент қаласы |
| 22-1 | «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Шымкент қаласы |
| 23 | «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қостанай қаласы |
| 24. | «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Астана қаласы |
| 25. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі | Астана қаласы |
| 26 | «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Алматы қаласы |
| 27 | «Ақмола мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Астана қаласы |
| 28 | «Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтөбе қаласы |
| 29 | ҚР Үкіметінің 11.10.2001 № 1313 қаулысымен алып тасталды | |
| 30 | «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Семей қаласы |
| 31 | ҚР Үкіметінің 11.10.2001 № 1313 қаулысымен алып тасталды | |
| 32 | «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы |
| 32-1 | «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Ақтау қаласы |
| 32-2 | «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Алматы қаласы |
| 33 | ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) | |
| 34 | «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Теміртау қаласы |
| 35 | «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Ақтөбе қаласы |
| 36 | «Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Семей қаласы |
| 37 | «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Арқалық қаласы |
| 38 | ҚР Үкіметінің 2024.16.07. № 567 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
| 39 | «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Павлодар қаласы |
| 40 | «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Қостанай қаласы |
| 41 | «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Рудный қаласы |
| 42 | «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Көкшетау қаласы |
| 43 | «Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Өскемен қаласы |
| 44 | «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Қарағанды қаласы |
| 45 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Астана қаласы |
| 46 | «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Жезқазған қаласы |
| 47 | «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Тараз қаласы |
| 48 | «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Тараз қаласы |