|
|
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «ТАРАЗЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «ТАРАЗЫ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «ТАРАЗЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1874 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |