Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақ ССР-iнiң Еңбекпен түзеу кодексiнiң 56-бабына өзгерістер енгізу туралы» 1992 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі қолданылып жүрген ведомстволық нормативтi актiлердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қаңтардағы № 20 қаулысымен бекітілген Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Бұл Ереже Қазақ ССР-iнiң еңбекпен түзеу кодексiне, Қазақ ССР-нiң Еңбек туралы заңдар кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңды актілеріне сәйкес әзiрленген. 1. Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегi 1. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметi оның негiзгi мақсатына - сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен түзеуге бағындырылуға тиiс. Еңбекпен түзеу мекемесiнде ұсталатын әрбiр сотталған адам еңбек етуге мiндеттi. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарды еңбек ету қабiлетiне және мүмкiндiгiнше мамандығына қарай жұмыспен қамтамасыз етедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|