Ғылыми-техникалық қызметте сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.12.02 ж. № 1385 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасында ғылым мен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Ғылыми-техникалық қызметте сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу туралы Ереже /қоса берiлiп отыр/ бекітілсiн. Министрлiктер мен ведомстволар өздерiнiң сараптама органдарының құрылымы мен функцияларын Ереженiң талаптарына сәйкес келтiрсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі ғылыми-техникалық сараптама жөніндегі жұмысқа жалпы басшылық жасап үйлестiрудi қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегi № 876 қаулысымен Бекiтiлген Ғылыми-техникалық қызметке сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу туралы ЕРЕЖЕ Жалпы қағидалар 1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы" Заңға сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік мәнi бар ғылыми-техникалық қызметке сарапшылық /мемлекеттік ғылыми-техникалық сарапшылық/ ұйымдастыру мен жүргiзудi реттейдi. 2. Аталған Ереженi ғылыми-техникалық қызмет саласында шешiмдер қабылдайтын мемлекеттік өкiмет пен басқару органдары басшылыққа алады. 3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сарапшылық /бұдан әрi - МҒТС/ ғылыми-техникалық прогрестiң аса маңызды мәселелерi жөнiнде қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiк деңгейiн арттыру мақсатымен сараптау объектiсiне тәуелсiз талдамалы бағалау алу үшiн мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының өтiнiмi бойынша өткiзiлетiн iс-қимылдармен тұжырымдардың бағалау жүйесi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|