Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзуережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 Қаулысымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесi бекітілсiн. 2. «Ғылыми-техникалық қызметте сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегi № 876 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 38, 439-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу тәртібін белгiлейдi. 2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрi - МҒТС) - бұл ғылыми-техникалық прогрестiң аса маңызды мәселелерi бойынша қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiгiнiң деңгейiн айқындау мақсатымен сараптама объектiсiне тәуелсiз талдамалық баға алу үшiн ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттік орган) ұйымдастыратын бағалау iс-әрекеттерi мен қорытындыларының жүйесi. 3. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет объектiлерiн қаржыландыру (iске асыру) туралы шешiм қабылдау МҒТС жүргiзiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары 4. МҒТС-тiң негiзгi қағидаттары: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|