Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюдың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзудiң тәртібі туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-XII қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюдың Ережесi бекітілсiн және ол 1994 жылдың қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлсiн (қоса берiлiп отыр). 2. Жергiлiктi әкiмдер жергiлiктi жерде орман қоры телiмдерiн шөп шабу және мал жаю үшiн бөлген кезде аталған Ереженiң орындалуын қамтамасыз ететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қазандағы № 1021 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюдың ЕРЕЖЕСI Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының орман қоры аумағын шөп шабу және мал жаю үшiн пайдаланудың тәртібін белгiлейдi. 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюды жүргiзушi барлық кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер және азаматтар (иеленушiлер мен пайдаланушылар) үшiн мiндеттi болып табылады. Шөп шабу үшiн жарамды алаңдарды бөлу 3. Шөп шабу үшiн ең алдымен осы мақсатқа жарамды, орман қоры құрамына енетiн ауыл шаруашылық жерiнiң алаңы бөлiнедi. 4. Шөп шабу үшiн сондай-ақ орманды табиғи және жасанды жаңарту немесе шөп шабу басталғанға дейiн оларды жақсарту жөнiнде басқа шаралар жүргiзу көзделмеген алаңқайлар мен ағаш өспейтiн басқа да алаңдар, сондай-ақ қайта жаңғырту көзделмеген құндылығы төмен көшеттердiң жекелеген телiмдерi пайдаланыла алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|