Қазақстан Республикасының Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1317 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану Тәртібі бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1235 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану Тәртібі Жалпы ережелер 1. Бұл Тәртiп Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жасалған және орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануды реттейдi. 2. Бұл Тәртiп Қазақстан Республикасының барлық ормандарында қолданылады және орман қоры учаскелерiн жоғарыда аталған мақсатқа беру мен пайдалануды жүзеге асыратын өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарына орман пайдаланушылар мен орман қоры иелерiне мiндеттi болып табылады. 3. Осы Тәртiпке сәйкес жүзеге асырылатын орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға орманның табиғаты мен компоненттерiн танып-бiлу үшiн орман қоры аумағында кешендi және мамандандырылған (орман шаруашылық, ботаникалық, топырақ, зоологиялық, орман патологиялық және басқа) ғылыми-эксперименттiк зерттеулер жүргiзу, солардың негiзiнде, жаңа техника жасауды қоса алғанда, орман және аңшылық ресурстарды қорғау, сақтау, ұлғайта өсiру мен ұтымды пайдалану жөніндегі тәсiлдердi, әдiстер мен технологиялық процестердi әзiрлеу, сондай-ақ орман қоры шегiнде орналасқан басқа да табиғат және табиғатқа жатпайтын объектiлердi зерделеу жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|