Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. № 1287 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату Ережелерi бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 мамырдағы № 752 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату Ережелерi Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректердi босату Ережелерi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жасалған және ол сүректердi, қосымша ағаш материалдарын дайындау мен тасуды, алқаағаштардан шырын ағызу орман пайдалануды жүзеге асыруға, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға байланысты және байланыссыз да басқа жұмыстарды өндiруге байланысты өндiрiстiк объектiлердi тұрғызу үшiн орман алқаптарын ормансыз алқаптарға көшiру кезiнде, орман қоры жерлерi құрамынан шығарылатын орман алқаптарын тазарту кезiнде ағаш кесудi жүзеге асыратын орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылар, өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. Осы Ереженiң, орманның меншiк нысанына қарамастан, пайдалануға берiлген орман қоры, оның iшiнде жалға беру жағдайындағы телiмдердi қоса отырып, Қазақстан Республикасының орман қорының барлық аумағы үшiн күшi бар. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|