Акциздердi есептеу және төлеу тәртібі туралы Нұсқаулық Қазақстан ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 416 бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды I-Бөлiм. Жалпы ережелер Бұл нұсқаулық "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде шығарылады. Ескерту: Өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 9 тамыздағы № 929 бұйрығымен. I. Белгiленген акциздер 1. Акциз өнiмнен алынатын жанама салық болып табылады және сату құны қосылады. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын, тiзбесi осы нұсқаулықтың 4-тармағында келтiрiлген тауарларға, сондай-ақ лотереяларды қоса алғанда ойын бизнесiне акциз салынады. Ескерту: Өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 9 тамыздағы № 929 бұйрығымен. Толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 1 ақпандағы № 71 бұйрығымен. 2. Қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген реттерді қоспағанда тауар өндіруші тауарларды экспортқа шығаруын растаған жағдайда экспортталатын акцизделетін тауарларға акциздер салынбайды. Акцизделетін тауарлардың экспортын растауы ретінде тауар өндіруші мыналарды ұсынады: - шетелдік тұлғамен акцизделетін тауарларды беруге арналған келісім- шартты (шартты); - тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспорт режимімен акцизделетін тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органының және аймағында өткізу бекеті орналасқан кеден органының белгілері бар жүк кеден декларациясын, сондай-ақ олардан акциз алу "арналған елі" принципі бойынша жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасындағы кеден аумағынан әкетілетін акциздеуге жататын тауарлар импорты ресімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|