Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 Қаулысы (2017.27.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 374 Қаулысымен күші жойылды
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелден тауарлар әкелу тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2017.27.03. № 140 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі iзгiлiк көмегi мәселелерi бойынша келген шетел азаматтарына виза берудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясы iзгiлiк көмектiң түсуi мен бөлiну барысы туралы жұртшылыққа үнемi хабарлап тұрсын. 5. ҚР Үкіметінің 2017.27.03. № 140 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысымен Бекiтiлген Iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелден тауарлар әкелу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар үшiн iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелден келген жүктердi қабылдаудың, есептеу, тасымалдау, жинау, күзету, бөлу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|