Жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестациялау туралы Ереженi бекіту ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 ж. 13 тамыздағы № 554 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының "Жоғары білім туралы" Заңына сәйкес бұйырамын: 1. Жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестациялау туралы Ереже бекітілсiн (қосымша). 2. Жоғары білім бас басқармасы (Мухаметқалиев Т.М.) Республикалық ұйымдастыру-педагогикалық инспекциясымен (Икрамов К.И.) бірiге отырып, 1993 жылдың желтоқсанының 01-не дейiн жоғары оқу орындарын аттестациялауды жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша ұйымдастыру әдiстемелiк құжаттар дайындасын. 3. Қазақстан Республикасының білім министрлігінiң 1992 жылы шiлденiң 2-де шығарған № 300 бұйрығының Жоғары оқу орындарын аттестациялаудан өткiзетiн бөлiгi өз күшiн жоғалтты деп есептелсiн. 4. Аталған Ереже осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдiң орынбасары Е.Ө. Медеуовке жүктелсiн. Министр Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінiң 1993 ж. 7 қазандағы № 427 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестациялау туралы Ереже Жалпы ережелер 1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын, олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншiк түрлерiне қарамай мемлекеттік аттестациялау (бұдан былай - аттестациялау) мақсатын, принциптерiн, ұйымдастыру және жүргiзу тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|