|
|
|
Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қаулының және 1-2-қосымшаларының мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.12. № 566 қаулысымен. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2718 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкалары 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi жер пайдалануды бағалау құнын белгiлеу Тәртібін әзiрлеп, бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне ұсынатын болсын. 3. Жер үшiн төлем ставкаларының жоғарыда аталған мөлшерiн жер учаскелерiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге қойған кезде, сондай-ақ оларды шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорына жарна ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде берген жағдайда жердi бағалау үшiн меншiк иесiнiң (жер пайдаланушының) жер учаскесiне меншiктiң жалпы үлесiнен (жалпы жер пайдалану үлесiнен) бөлу кезiнде жер үлесiнiң құнын белгiлеу үшiн, жер учаскелерi немесе пайдалану құқығын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң активiне енгiзген кезде және жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығының құнын тараптардың келісімiмен белгiлеу мүмкiн болмаған өзге де жағдайда, олардың құнын бағалау үшiн қолдану ұсынылсын. 4. Мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін жалға өткізу кезіндегі жалға берудің жыл сайынғы төлемінің мөлшері тараптардың келісімімен (шартымен) тағайындалады деп белгіленсін. Жалға берудің төлем мөлшері мынадай шектерде белгіленеді: төменгі шегі - жер салығы мөлшерінің 80 проценті; жоғарғы шегі - жер салығы мөлшерінің 120 проценті; Жер салығының мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.13. № 763 қаулысымен. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.12. № 566 қаулысымен. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi мен оның жергiлiктi органдарына мемлекеттiң нақты жер учаскелерiн (жер пайдалану құқығын) жеке меншiкке сату немесе жер пайдалануға ұсыну кезiнде оның құнын белгiлеу жүктелсiн. 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi қажет болған жағдайда инфляцияның жалпы деңгейiнде мемлекеттік статистика деректерi негiзiнде жеке меншiкке сатылатын немесе жер пайдалануға ұсынылатын жерлерге төлем ставкасын нақтылау жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 мамырдағы № 576 қаулысына 1 қосымша Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын жерлерiне төлем ставкалары 1. Азаматтарға, мемлекеттік емес заңды ұйымдарға құрылыс салу үшiн ұсынылған (берiлетiн) немесе өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде олардың мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса, тұрғын үйлер, ғимараттар мен олардың кешендерi салынған елдi мекендердiң жерлерi: ______________________________________________________________ Елдi мекендер | 1 м2 үшiн төлем ставкалары ___________________________|__________________________________ 1 | 2 ___________________________|__________________________________ Алматы қаласы 717 Ақмола қаласы 411 Ақтау қаласы 145 Ақтөбе қаласы 137 Арқалық қаласы 114 Атырау қаласы 123 Жамбыл қаласы 181 Жезқазған қаласы 123 Қарағанды қаласы 190 Қызылорда қаласы 129 Көкшетау қаласы 114 Қостанай қаласы 123 Павлодар қаласы 114 Петропавл қаласы 114 Семей қаласы 129 Талдықорған қаласы 137 Орал қаласы 114 Өскемен қаласы 145 Шымкент қаласы 181 Облыстық мақсаттағы қалалар облыс орталығы ставкаларының 85 процентi Аудандық мақсаттағы қалалар облыс орталығы ставкаларының 75 процентi Алматы облысы: Облыстық мақсаттағы қалалар 155 Аудандық мақсаттағы қалалар 137 Ақмола облысы: Облыстық мақсаттағы қалалар 116 Аудандық мақсаттағы қалалар 103 Поселкелер селолық елдi мекендер далалық орманды, далалық және 25 15 құрғақ далалық аймақтарда жартылай шөлейт және шөлейт 18 10 аймақтарда тау бөктеріндегі шөлейт-далалық, 30 18 субтропикалық шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аймақтарда орналасқан поселкелiк және селолық елдi мекендер Ескерту: 1) Осы кестеде көрсетiлген елдi мекендердiң тиiстi санаттары бойынша жерге төлем ставкасы осы елдi мекендердi облыс орталығының iргелес аймағында немесе курортты аймағында орналастырған кезде екi есе көтерiледi. 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi жергiлiктi органдары елдi мекендердiң аумағын бағалауына, жер учаскесiнiң орналасуына, инженерлiк жабдықтар мен жайлылық деңгейiне, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердiң болуына, аумақтың ландшафтық қазынасына, қоршаған ортаның жай-күйiне және басқа да факторларға орай мемлекеттiң жеке меншiкке сататын жерлерiне төлем ставкасын екi есеге дейiн көтере немесе азайта алады. 2. Азаматтарға, мемлекеттік емес заңды ұйымдарға құрылыс салу үшiн ұсынылған (берiлетiн) немесе өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде олардың мақсатына сәйкес үйлермен ғимараттарға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса, тұрғын үйлер, ғимараттармен олардың кешендерi салынған елдi мекендердiң шегiнен тысқары орналасқан жер учаскелерi бойынша төлем мөлшерi облыстық мақсаттағы қалаларда осы мақсаттар үшiн ұсынылатын (берiлетiн) жерлердiң ставкаларынан 10 процент мөлшерiнде белгiленедi. 3. Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысын жүргiзу үшiн берiлетiн учаскелер бойынша төлем мөлшерi селолық елдi мекендер жерлерiнiң төлем ставкалары көлемiнде белгiленедi. 4. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық, тұрғын үй салу мен қызмет көрсету, бау-бақша, саяжай құрылысын жүргiзу үшiн жер учаскелерi "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерiн беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 401 қаулысында белгiленген нормалар шегiнде меншiкке тегiн берiледi. Осы нормалардан тыс жер учаскелерiнiң қалған бөлiгi мемлекеттен сатып алынады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 мамырдағы № 576 қаулысына 2 қосымша Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн мемлекеттiң азаматтар мен мемлекеттік емес заңды ұйымдардың тұрақты жер пайдалануына беретiн жерлерi үшiн төлем СТАВКАЛАРЫ Гектарына мың теңгемен ___________________________________________________________________ Облыстар| Ауыл шаруашылығы |Топырақтың түрлерi мен түр тармақтары | алаптарының |_____________________________________ | түрлерi | қара топырақты | қою | қызыл | |______________________| қызыл| қоңыр | |шайылған, | оңтүстiк | қоңыр| | |қарапайым | | | ________|____________________|__________|___________|______|_______ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 ________|____________________|__________|___________|______|_______ Ақмола Суарылмайтын 48,4 33,2 24,2 18,4 егiстiк Суармалы 71,6 62,4 54,6 46,4 егiстiк Суармалы 14 12,6 10,5 9,5 шабындық Жайылым 10,4 9,6 6,6 5,7 Ақтөбе Суарылмайтын егiстiк 32 23,8 17 Егiстiк 64,7 58,4 48,8 Шабындық 11,7 9,7 8,3 Жайылым 9,6 6,2 5,4 Алматы Суарылмайтын егiстiк Суармалы егiстiк Шабындық Жайылым Атырау Суарылмайтын егiстiк Суармалы егiстiк Шабындық Жайылым Шығыс Суарылмайтын Қазақстан егiстiк 55,4 36,2 26,2 19,5 Суармалы егiстiк 68,4 63,3 57,3 48 Шабындық 18,2 14,5 12,5 10,3 Жайылым 13,5 11,7 8,6 5,6 Жамбыл Суарылмайтын егiстiк Суармалы егiстiк Шабындық Жайылым Жезқазған Суарылмайтын егiстiк 22,2 17 Суармалы егiстiк 50,6 42,4 Шабындық 7,6 7 Жайылым 4,8 4,3 Батыс Суарылмайтын Қазақстан егiстiк 32,6 24 19 Суармалы егiстiк 64,7 58,4 48,8 Шабындық 14,2 10,5 9,7 Жайылым 10,6 6,7 5,4 Қарағанды Суарылмайтын егiстiк 33,2 22,7 17,7 Суармалы егiстiк 62,4 54,6 46,4 Шабындық 11,8 9,6 8,4 Жайылым 7,5 6,1 5,3 Қызылорда Суарылмайтын егiстiк Шабындық Жайылым Көкшетау Суарылмайтын егiстiк 50,1 35,2 27,7 Суармалы егiстiк 72 62,8 53,2 Шабындық 14,8 12 10,8 Жайылым 10,6 9,6 6,8 Қостанай Суарылмайтын егiстiк 49,2 35,1 25,3 20 Суармалы егiстiк 72,5 63 55 46,5 Шабындық 14,2 12,2 10,5 9,5 Жайылым 8,8 8 6,5 5,8 Маңғыстау Суармалы егiстiк Жайылым Павлодар Суарылмайтын егiстiк 28,4 22,2 17 Суармалы егiстiк 56,3 48,7 42,4 Шабындық 21,2 17,2 12,4 Жайылым 8,7 6,4 5,6 Солтүстiк Суарылмайтын Қазақстан егiстiк 54,5 36,1 Суармалы егiстiк 68 62,1 Шабындық 15 12,8 Жайылым 12,8 10,7 Семей Суарылмайтын егiстiк 22,2 17 Суармалы егiстiк 49 42,7 Шабындық 9,5 8,3 Жайылым 5,4 4,6 Талды. Суарылмайтын қорған егiстiк Суармалы егiстiк Шабындық Жайылым Торғай Суарылмайтын егiстiк 33,1 23,8 17 Суармалы егiстiк 63 54,3 46 Шабындық 12 10,5 8,4 Жайылым 7,8 6,2 5,1 Оңтүстiк Суарылмайтын Қазақстан егiстiк Суармалы егiстiк Шабындық Жайылым ___________________________________________________________________ Топырақтың түрлерi мен түр тармақтары ___________________________________________________________________ ашық|қоңыр|сұр |сұр |құмдар|сұр топы. |сұр |таулық қара|субаль. қызыл| |қоңыр|қоңыр | |рақты |топы. |топырақты |пiлiк қоңыр| | |күрiш | |ашық қы. |рақты |және қызыл |және | | |себу | |зыл қоңыр |(мақта|қоңыр |альпi. | | |аймағы| | |шаруаш| |лiк | | | | | |аймағы| | _____|_____|_____|______|______|__________|______|___________|_____ 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 _____|_____|_____|______|______|__________|______|___________|_____ 11,8 43,4 7,3 3,8 1,8 11,6 7,8 43,7 38,2 31,7 6,5 3,7 3,8 2,2 2 2 24,5 29,2 40,2 170,8 119,6 11,4 14 11,4 2,6 2,1 6,2 8,8 8,1 8,4 40,8 38,2 31,7 4,5 3,5 2,4 2 1,9 1,9 12,2 52,1 41,3 7,2 15,9 4 2 9,6 8,3 23,3 26 40,2 110,1 10,1 12,8 8,3 1,8 2,1 4,9 8,3 7,3 11,4 7,8 40,4 38 31,7 5,3 3,1 2,8 1,7 1,6 2,1 12 9,2 44 38,2 7,2 4,2 3,6 2,2 1,9 11,6 40,4 7 3,5 43,1 60 187,7 110 5,5 10,5 1,9 2 1,8 4,7 11,8 43,4 7,3 3,7 38,2 31,7 1,7 1,4 1,8 11 40,5 7,3 3,7 2 11 7,8 26 40,9 30,7 6,5 4,5 10 11,7 8,6 3,2 1,9 2 5 6,8 6,5 23 30 40,2 204,6 123,5 5,1 12 14,8 12 2,4 2,1 5,7 8,8 8,3 11,6 7,4 43 38 7 5 3,5 1,9 1,8 23,9 26 60 243,4 124,4 350,4 4,7 10,6 13,4 2,4 2,1 4,9 8,6 Ескерту: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi жергiлiктi органдары жер учаскесiнiң орналасуына, сумен жабдықталуына, құнарлылық дәрежесiне, қызмет көрсету салаларының орталығының қашықтығына, инфрақұрылымдарының дамуы мен басқа да факторларына қарай жерге төлем ставкасын 50 процентке дейiн арттыра немесе төмендете алады. 2. Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермерлiк) қожалығын жүргiзу үшiн, мемлекеттік емес заңды ұйымдарға ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн "Азаматтарға және заңды ұйымдарға жер учаскесiн беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 401 қаулысында белгiленген нормалар шегiнде жер пайдалануға жер учаскелерi тегiн берiледi. Осы нормалардан тыс жер учаскесiнiң қалған бөлiгiне жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |