Азаматтардың құқығын шектейтiн немесе оған нұқсан келтiретін ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулысымен күші жойылды Азаматтардың құқығын шектейтiн немесе оған нұқсан келтiретiн мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, лауазымды және басқа да адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне келтiрген шағымдарды сотта қарау кезiнде туындайтын мәселелерге және заңдағы өзгертулерге байланысты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Пленумы қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 76-баптарына сәйкес, әрбiр азамат өз құқығы мен бостандығын қажеттi қорғаныс пен сот қорғауын қоса, барлық заңға қайшы келмейтiн тәсiлмен қорғауға құқықты. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы Соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Жарлығының 5-бабы 1-тармағына сәйкес, әрбiр азамат мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және басқа тұлғалардың, олардың құқықтарына нұқсан келтiретiн немесе заңды мүддесi мен бостандығын шектейтiн шешiм әрекеттерден. Республика Конституциясы және заңдары қарастырғандай кез-келген заңсыз әрекеттерден сот қорғау кепiлдемесi берiлетiндiгiне соттардың назары аударылсын. Бұл мәселе бойынша, шағымды соттан тыс қарау тәртібі сақталуы сақталмауына қарамастан, азаматтар тiкелей сотқа арыздануына қақылы. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. № 5 қаулысымен. 2. Сот қорғауына Конституцияда, заңдарда, басқа нормативтiк актiлерде және халықаралық келісімдерде қарастырылған барлық құқықтар мен бостандықтар жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|