|
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 252 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi қаулы етедi: 1. Ұсынылып отырған үлгiлерге сәйкес ведомстволық есеп берудiң жаңа нысандары оларды толтыру жөніндегі нұсқауымен қоса бекітілсiн және олар 1996 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшiне енгiзiлсiн: - тоқсандық мерзiмдiлiктегi № 1 "Брокерлiк-дилерлiк қызметтiң қорытындылары туралы есеп"; - айлық мерзiмдiлiктегi № 2 "Ұйымдасқан рыноктардың және биржадан тыс рыноктың котировкалау жүйелерi қызметтерiнiң қорытындылары туралы есеп"; - тоқсандық мерзiмдiлiктегi № 3 "Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі есеп"; - тоқсандық мерзiмдiлiктегi № 4 "Кастодиандық қызметтiң қорытындылары туралы есеп"; - тоқсандық мерзiмдiлiктегi № 5 "Депозитарлық қызметтiң қорытындылары туралы есеп". 2. 1-тармақта көрсетiлген ведомстволық статистикалық есеп берудiң нысандары бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қолданылсын. 3. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларын есеп беру бланкілерiмен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаумен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы ведомстволық статистикалық есеп беру қорытындылары бойынша жинақ ақпаратты республика бойынша тұтас № 1, 2, 3, 4, 5 нысандар бойынша есептi мерзiмнен кейiн 45-күнi Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiне тапсырады.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|