Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы Қазақстан Республикасы (ҚР Үкіметінiң 28.01.98 ж. № 44; 27.05.97 ж. № 886; 23.10.98 ж. № 1077; 28.12.98 ж. № 1346; 17.08.99 ж. № 1175; 11.06.03 ж. № 571; 2005.26.05. № 514 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы мен экономикалық өсуiн ынталандыру, мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған қаржы қаражаттарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару жөніндегі департаментi 1997 жылдың 1 маусымына дейiн жабық үлгiдегi акционерлік қоғам нысанында банктiк емес қаржы мекемесi ретіндегі Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын (бұдан әрi - Қор) құрсын. ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 11.06.03 ж. № 571 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қордың негiзгi функциялары: шағын кәсiпкерлiктi қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу және оны жүзеге асыру; заңды тұлға құрусыз дара кәсiпкерлiктi қоса есептегендегi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағытына, тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногының конъюнктурасына және жекелеген аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың ерекшелiктерiне сүйенiп, дербес мақсатты несиелендiру; шағын кәсiпкерлiк және өзiн-өзi жұмыспен қамту саласында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң пайдасына олардың екiншi деңгейдегi банктерден несиелер алуы үшiн кепiлдiк беру; шағын кәсiпкерлiктiң бизнес-орталықтары мен инкубаторларын, шағын кәсiпкерлiк саласындағы консультациялық, оқу-әдiстемелiк, лизингтiк және өзге де нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу болып табылады деп белгiленсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|