Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы (2014.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексiмен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ III ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСIН күшiне енгізу туралы Заңның МӘТІНІН ҚАРАҢЫЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн, бұған осы Заңмен күшiне енгізудiң өзге мерзiмдерi белгiленген ережелерi қосылмайды.
2-бап. 1959 жылғы 22 шiлдедегi «Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiн бекіту туралы» Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң, сондай-ақ 1959 жылғы 22 шiлдеден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген барлық заңдардың 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес келтiрiлуге тиiс. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн аталған заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|