|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қамау түрiндегі жазалау, Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 212-құжат; 2000 ж, № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 18, 158-құжат): 4-бапта: "жазалар" деген сөз "жаза" деген сөзбен ауыстырылсын; ", сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыру" деген сөздер алып тасталсын; "жазалаудың осы түрлерiн" деген сөздер "жазалаудың осы түрiн" деген сөздермен ауыстырылсын; "бiрақ" деген сөзден кейiн "2003" деген цифр "2008" деген цифрмен ауыстырылсын; "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейiн ", өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексiн күшiне енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 338-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат): 4-бапта: "жазалар" деген сөз "жаза" деген сөзбен ауыстырылсын; "бостандығын шектеу және" деген сөздер алып тасталсын; "жазалаудың бұл түрлерiн" деген сөздер "жазалаудың бұл түрін" деген сөздермен ауыстырылсын; "2003" деген цифр "2008" деген цифрмен ауыстырылсын; "2000 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейiн ", бас бостандығын шектеу түрiндегi жазалау туралы ережелерi - 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап, өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |