Азып-тозған, ластанған және бүлінген жерлерді қорғаудың, пайдаланудың ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен. 1. Қоса берiлiп отырған Азып-тозған, ластанған және бүлінген жерлерді қорғаудың, пайдаланудың тәртібі туралы ереже бекітілсiн. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі Ғылым министрлігі - Ғылым академиясымен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп үш ай мерзiмде топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың шектi жол берiлетiн қордалануының нормативтерiн бекiтсiн. 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап қолдануға енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 маусымдағы № 976 қаулысымен бекітілген Азып-тозған, ластанған және бүлінген жерлерді қорғаудың, пайдаланудың тәртібі туралы ЕРЕЖЕ ЕСКЕРТУ. Атауы өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен. 1. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар: ластанған жерлер - антропогендiк әрекеттердiң нәтижесiнде түрлi зиянды заттар мен организмдердiң жерде нормативтiк деңгейден артық және жерлердiң экономикалық-ресурстық және санитарлық-гигиеналық бағалылығын төмендететiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын, қоршаған ортаның басқа да объектiлерiн, халықтың тұру жағдайын нашарлататын шамаларда қордалануы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|