Республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында қиратқыш жер "Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi аймақтарында болуы мүмкiн қиратқыш жер сiлкiнiсiнiң залалын төмендету, сейсмикалық қауiптiлiктi бағалау және жер сiлкiнiстерiн болжау жөніндегі зерттеулердi дамыту, үйлер мен ғимараттарды, қосымша жарақтандыруды нығайту, авариялық-құтқару қызметтерi мен бөлiмшелерiн, халықты хабарландыру жүйелерiн даярлыққа келтiру, қажеттi материалдық-техникалық ресурстардың қорын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісім бойынша бір ай мерзiм iшiнде сейсмикалық байқау, жер сiлкiнiстерiн болжау және олардан болған залалды бағалау жөніндегі 1997-2002 жылдарға арналған мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны қарасын және бекiтсiн, және оның Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына iргелi зерттеулерге арналып бөлiнетiн республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен бірiншi кезектi қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн; Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедицияның сейсмологиялық байқаулар жүргiзуi жөніндегі жұмыстардың кешенiне арналған қажеттi қаржы-қаражатының толық көлемде бөлiнуiн қамтамасыз етсiн; Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiмен бірлесiп, жаңа деректердi ескере отырып, 1997 жылы Қазақстан Республикасының аумақтарын сейсмикалық аудандастыру картасын жасасын және басып шығарсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|