"Жер салығын есептеудің және төлеудің тәртібі туралы" № 34 Нұсқаулығына ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 416 бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998 жылғы 10 шілдедегі № 62 бұйрығымен бекітілген "Жер салығын есептеудің және төлеудің тәртібі туралы" № 34 Нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы І бөлімде: 1-тармақтың екінші азатжолындағы "жер үшін төлем" деген сөздерден кейін "Мемлекет беретін" деген сөздермен толықтырылсын және "нысанда" деген сөз "нысандарда" деген сөздермен ауыстырылсын; ІІІ бөлім: 4-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: "Жер учаскелері жер салығы салынатын объектілер болып табылады. Атап айтқанда, жер учаскелеріне мыналар жатады:"; 5-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Жерлерді санаттарға жатқызу, сондай-ақ олардың арналған мақсаты өзгеруіне байланысты жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру атқарушы органдардың шешімі бойынша олардың құзыретіне сәйкес жүргізіледі.". IV бөлімде: 6-тармақта: мынадай мазмұндағы бесінші азатжолмен толықтырылсын: "Заңды және жеке тұлғалардың жерді немесе басқа құжатты иелену немесе пайдалану жөніндегі, жер учаскесін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын акт болмаған жағдайда, бұл тұлғаларды жер учаскесі бойынша салық төлеушілер деп тану үшін осы жер учаскесін иелену, басқару және пайдалану құқықтарды олардың іс жүзінде іске асыруы негіз болып саналады."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|