Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.10.03 ж. № 1037 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.23. № 1352 қаулысымен. 1. Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алған кезде ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiне келтiрiлген зиянды және меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға келтiрiлген өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртібі туралы Ереже 1-қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 2. Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алуға байланысты туындаған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шеккен зиянын өтеу нормативтерi 2 және 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсiн. 3. Орман шаруашылығы өндiрiсiнiң, орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн алынатын орманды жерлерде ормандардың қорғаныштық санатына байланысты немесе кәсiпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың қызметi ықпалының нәтижесiнде жер сапасы нашарлаған кездегi зиянды өтеу нормативтерiне коэффициенттер 4 қосымшаға сәйкес белгiленсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|