ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекітілдi Бухгалтерлiк есеп стандарты 17 Бұрынғы редакцияларды қара Қызмет ету мақсаты мен саласы Қаржы министрінің 12.11.02 ж. № 568 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 1. Бұл стандарттың мақсаты ұйымдардың жүзеге асыратын жалға берудi есепке алу тәртібін анықтау болып табылады. Стандарт жалға берудiң мынадай ерекше түрлерi үшiн қолданылмайды: мұнай, газ, құрылыс ағаштары, металдар және басқа да минералдық байлықтар сияқты табиғат байлықтарын өндiру мен пайдалануға байланысты жалгерлiк шарттарына; фильмдер, бейнефильмдер, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық праволар сияқты баптар бойынша лицензиялық келісімдерге. 2. Жалға беру - жал иесiнiң жалгерге ақы төлегенi үшiн мүлiктi уақытша иелiкке және пайдалануға беруi. Қаржы министрінің 12.11.02 ж. № 568 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 3. Қаржыландырылатын жалгерлiк - мүлiкке меншiктiк құқығымен байланысты пайда мен тәуекелдiң үлкен бөлiгiн жалгерге беру. Бұл ретте, жалгер жалдаған мүліктер өз балансында көрсетедi. Меншiктiк құқығы жалгерлiк уақыт iшiнде берiлуi немесе берiлмеуi мүмкiн. 4. Ағымдағы жалгерлiк - қаржыландырылатын жалгерлiктен басқа кез-келген басқа жалгерлiк. Қаржы министрінің 12.11.02 ж. № 568 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 5. Қайтарылмайтын (шақырылмайтын) жалгерлiк - бұл, тек мынадай жағдайда ғана тоқтатуға болатын жалгерлiк: қандай бiр кездейсоқ жағдайлар орын алғанда; жал иесiнiң рұқсатымен; жал иесiмен сол мүлiкке немесе соған ұқсас басқа мүліктерге жаңа жалдық келісім жасаған жағдайда; егер жалгерлiк келісім басында жалгерлiктi тоқтатуға жеткiлiктi төлемақы болып табылатын қосымша сома төленсе. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|