|
|
|
Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы (2005.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
11-тармағын қоспағанда , ҚР Үкіметінің 2007.21.12 № 1261 Қаулысымен күші жойылды
Эпидемиялық сипат алған туберкулезбен ауырудың және қайтыс болудың көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. № 317 (бұр. ред. қара); 01.09.04 ж. № 922 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестерді, олар туралы Ережелер мен олардың жеке құрамын бекіте отырып ұйымдастыратын болсын. 2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері: екі ай мерзім ішінде туберкулезге қарсы күрес қызметін қаржыландыру тетігін қайта қарасын; бір ай мерзім ішінде туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселені туберкулездің одан әрі таралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін нақты шараларды қабылдай отырып қарайтын болсын; облыстық бюджеттен жыл сайын медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған орталықтандырылған қаражат бөлуге ұсыныс жасасын; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органдарымен бірлесе отырып туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын ауруларды ауруханаға жатқызу және стационарларда емдеу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ осы стационарлардың аумағын қорғауды ұйымдастыру мәселелерін заңда белгіленген тәртіппен қарайтын және шешетін болсын; Туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын туберкулездің белсенді түрімен ауырғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын үй алаңын берген кезде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңының 118-бабының талаптарын басшылыққа алатын болсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: республикалық бюджетте туберкулезге қарсы препараттар мен вакциналар сатып алуға арналған шығыстарды секвестрлеуге жол бермейтін болсын; туберкулезге қарсы препараттар мен медициналық құрал-жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға бюджеттік қаражат бөлуді жыл сайын қарастырып отыратын болсын; туберкулезге қарсы шараларға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын мерзімді түрде тексеріп отырсын; жергілікті бюджетте туберкулезге қарсы қызметті ұстауға арналған шығыстарды көрсету үшін жеке жол енгізсін. 4. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі 1998 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының арасында туберкулез бен бруцеллездің алдын алу және оған қарсы күрес бағдарламасын жасап, белгіленген тәртіппен Үкіметтің бекітуіне енгізетін болсын. 5. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері: меншік түріне қарамастан мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың белгіленген ветеринарлықсанитарлық талаптарды сақтауын; мал шаруашылығы фермалары қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек ету шартын; ветеринарлық қызметті, әсіресе ірі шаруашылықтары жоқ аудандарда нығайтуды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. № 317 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасына келген адамдарды туберкулезге қарсы міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін; тергеу оқшаулауларындағы тергеуге алынған адамдарды - түскен кезінде және жарты жыл сайын, түзету мекемелеріндегі сотталғандарды - жылына екі рет міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін; тергеу оқшаулауларындағы және түзету мекемелеріндегі ауруларды емдеу жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын; бас еркінен айыру мекемелерінен босанған туберкулезбен ауыратындардың бірыңғай банкін жасасын; республикалық бюджетте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін ұстау үшін қарастырылған қаражаттың шегінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының еңбекпен түзеу колонияларында туберкулезбен ауыратын сотталғандарды емдеуге арналған мамандандырылған бөлімшелер ашсын. ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. № 317 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі: әскерге шақырылу жасындағы адамдардың ішінде туберкулезбен ауыратындарды айқындау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын; әскери қызметкерлер арасында туберкулезбен ауыратындар анықталған жағдайда, оларды қызмет етіп жатқан жеріндегі аумақтық туберкулезге қарсы мекемелерге емдеуге жіберіп, соңынан толық емделіп шыққаннан кейін, сараптама шешім шығару үшін, таяу маңдағы әскери-емдеу мекемесіне ауыстырсын. ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. № 317 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі: республиканың туберкулезге қарсы қызметін басым қаржыландыруды айқындасын; барлық туберкулезге қарсы мекемелерде ерте бактериологиялық диагностика әдістері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша туберкулездің бақыланатын қысқа мерзімді химиялық терапиясын енгізсін. ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. № 317 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып туберкулезге қарсы мекемелердің қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына (тарифтік ставкасына) жұмыстың жұқпалылық сипатына байланысты 30-проценттік үстеме ақы қосуды кезең- кезеңмен енгізу мәселесін қарасын. ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. № 317 (бұр. ред. қара); 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі дәрігер-мамандарға эфирлік уақытты тегін бере отырып халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық білімді кеңінен насихаттауды, тұрақты жұмыс істейтін айдар ашуды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. № 317 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11. Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. № 317 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тоқсан сайын сол тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші күнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беріп отыратын болсын. 13. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |