|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы № 608 Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 28.01.00 ж. № 137 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды 1. алынып тасталды 2. Осы қаулымен белгіленген акциз ставкалары 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылады. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын. 4. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1381 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі 1. "Қазақстан Республикасы Жол қорының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі № 623 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 21, 180-құжат). 2. "Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіндегі қаржы-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 шілдедегі № 697 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, № 24, 207-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі № 623 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1117 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |