«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат қарастыратын болсын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Бағдарламаға сәйкес аймақтық бағдарламаларды әзірлеп, бекітсін және оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен Бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 1. Кіріспе Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23, 25-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасына, Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына сәйкес әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|