|
|
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің ҚР Үкіметінің 24.12.99 ж. № 1969 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі туралы ереже бекітілсін. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасына екі орынбасары болуға рұқсат етілсін. 3. ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. № 1301 қаулысымен күші жойылды 4. "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1700 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 52, 480-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 474 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгерді 1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде - салааралық үйлестiру мен басқа да атқару және шешiм шығару функцияларын жүзеге асыратын Үкіметтің құрамына кірмейтін, орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 4-тармақ өзгерді 4. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ өзгерді 5. Агенттіктің құрылымын Агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi. 6. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 7-тармақ өзгерді 7. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігi" мемлекеттік мекемесi. 8. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. 2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары 9. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясы мен инвестициялық саясатын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды ынталандыру шараларын әзірлеу және іске асыру; Қазақстан Республикасындағы инвестициялық мүмкіншіліктер туралы белсенді жарнамалық-ақпараттық науқан жүргізу; шетелдік және отандық инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құру, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда жәрдемдесу; мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тікелей инвестицияларды тарту және пайдалану бойынша есеп пен есептілікті ұйымдастыру. 10. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: тікелей шетелдік және отандық инвестициялар ағынының қозғалысына талдау жүргізеді, оларды тарту мен ынталандырудың әлемдік тәжірибесін зерделейді және қорытады; Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарын жақсарту бойынша, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; инвестициялық қызмет мәселелері бойынша халықаралық келісімдерді дайындауды және жасасуды қамтамасыз етеді; халықаралық ұйымдармен тәуекелдерді өтеудің кепілдіктері мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады; республикада және шетелде инвестициялық конференциялар, семинарлар, көрмелер мен басқа да тұсаукесерлік іс-шараларды қоса алғанда, тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі жарнамалық-ақпараттық жұмысты жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларына тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсетеді; инвесторлармен, шетелдік агенттіктермен инвестицияларды қолдау бойынша, халықаралық және өзге де ұйымдармен өз қызметінің мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады; тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту үшін экономиканың басым секторларының тізбесін және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде жеңілдіктер мен преференциялар берудің тәртібін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді; Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту және келісімшарттар жасау бойынша келіссөздерді ұйымдастырады және оларға қатысады; тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту үшін мейлінше маңызды өндірістердің тізімін айқындайды; мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, оның ішінде мұнай операцияларын жүргізуге арналған құқықтарды беру үшін кен орындары мен аумақтардың тізбесін, сондай-ақ келісім-шарт жобасының экономикалық моделін және салық салу жүйесін қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу үшін негізгі өлшемдерді айқындайды; экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеңілдіктер мен преференциялар беруге арналған инвесторлардың өтінімдерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған өтінімдерді қабылдайды; инвестициялық жобаларға қатысты келісімшарттар мен өзге де құжаттарға сараптама ұйымдастырады және жүргізеді; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, оның ішінде мұнай операцияларын жүргізуге арналған құқықтарды беру бойынша инвестициялық бағдарламалардың конкурсын ұйымдастырады және жүргізеді; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша консультанттарды таңдау үшін тендерлер ұйымдастырады; келісімшарттарды дайындауды және жасауды жүзеге асырады; әзірленетін келісімшарттарға өндірістік-техникалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, салықтық және өзге де жағдайларына талдау ұйымдастырады және жүргізеді; инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті барлық келісу және рұқсат беру құжаттарын алуды қамтамасыз етеді; инвесторларға Қазақстан Республикасында білікті қызметкерлерді, тауарлар мен қызмет көрсетулерді іздеуде жәрдемдеседі; берілген лицензиялар мен келісімшарттарды мемлекеттік тіркеуді және сақтауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудың кепіл шарттарын тіркеуді жүзеге асырады; лицензиар мен келісімшарттар талаптарының тиісті бақылаушы органдармен өзара іс-қимылда өздерінің құзыреттерінің шектерінде сақталуын бақылауды қоса алғанда, инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді; бұқаралық ақпарат құралдарында инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты барлық нормативтік құқықтық құжаттарды, келісімшарттар жасалған жобалардың тізбесін, жобаға салынған инвестициялардың сомаларын және құрылатын жұмыс орындарының санын, инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізудің шарттарын және олардың өткізілу нәтижелері туралы ақпаратты жариялайды; Агенттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 11-тармақ өзгерді 11. Агенттіктің өзіне жүктелген негізгі міндеттерді іске асыруы және функцияларын орындауы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен: инвестициялық ынтымақтастық, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласында халықаралық келісімдерді (шарттарды) жасасу мәселелері бойынша құзыретінің және берілген өкілеттіктердің шектерінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге және келіссөздер жүргізуге; келісімшарттарды дайындау мен іске асыруға байланысты мәселелер бойынша өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың орындауы міндетті бұйрықтар қабылдауға; инвесторлармен және жер қойнауын пайдаланушылармен тікелей келіссөздер жүргізу кезінде берілген өкілеттіктердің шегінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге, экономиканың басым секторларында жеңілдіктер мен преференциялар беру бойынша келісімшарттарды жасасу мен оларды бұзудың талаптары мен тәртібін айқындауға, лицензиялар мен келісімшарттарға қол қоюға және тіркеуге, өз құзыретінің шеңберінде олардың талаптарының сақталуына бақылау жасауға; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шетелдегі дипломатиялық миссияларының қызметін үйлестіруге; Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметке байланысты қатынастарды реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды әзірлеуге қатысуға; өзінің функцияларын орындау мақсатында мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың қызметкерлерін, оның ішінде шетелдік азаматтарды тартуға; инвесторлардан, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларынан инвестициялық мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрауға және алуға; инвесторларға экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеңілдіктер мен преференциялар беруге; ерекше мәні бар жобаларды іске асыруға байланысты келісімшарттарды дайындау бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін қатыстыра отырып жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялар құруға; инвесторлар мен жер қойнауын пайдаланушылардан лицензиялар мен келісімшарттардың талаптарын орындау бойынша жүйелі және іріктеп есептілікті талап етуге, бақылаушы органдардың, аудиторлық және өзге де ұйымдардың өкілдерін тарта отырып олардың инвестициялық қызметін тексеруді жүзеге асыруға; тиісті лицензиялық органға берілген лицензияларды тоқтата тұру немесе кері қайтып алу не олардың шарттарын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге; инвестициялық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде газеттер, бюллетеньдер мен журналдар шығаруды қоса алғанда, баспа қызметін жүзеге асыруға; жарнамалық-ақпараттық және анықтамалық әдебиеттің, картографиялық жұмыстардың, жарнамалық бейнефильмдердің, слайдтар мен басқа да ақпараттық-тұсаукесерлік материалдардың тапсырысшысы болуға; инвесторларға Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жарнамалық-ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдарды сатуға; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Агенттікке жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Агенттіктің мүлкі 12. Агенттіктің оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 13. Агенттік өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзгедей түрде билік етуге қақылы емес. 4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру 14. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Агенттік төрағасының өзінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Агенттік төрағасы мен орынбасарларының материалдық-тұрмыстық жағдайлары нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Төраға Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өзінің функцияларының жүзеге асырылуы үшін жеке жауап береді. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 15-тармақ өзгерді 15. Төраға осы мақсатта: өзінің орынбасарлары мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады; заңдарда белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады; мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттікті білдіреді; Агенттіктің бұйрықтары қол қояды; заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 16-тармақ өзгерді 16. Агенттiк Төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқа құрылады. Сандық және жеке құрамын Агенттiктің төрағасы бекiтедi. Агенттіктің дирекциясын директор басқарады, ол оның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату 17. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |