Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 23 қаңтарда қабылдаған Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 45-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат): 6-баптың 1-тармағындағы "қорықтар мен ұлттық парктерге" деген сөздер "мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге және мемлекеттік табиғи парктерге" деген сөздермен ауыстырылсын; 20-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар (мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи орман ескерткiштерiнiң, мемлекеттік қорық аймақтарының ормандары, ерекше құнды орман алаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймағының ормандары, жемiс-ағаш екпелерi, биiк таудағы ормандар)."; 41-баптың 1-тармағындағы "Қорықтардың, ұлттық және тарихи-табиғи парктердiң, табиғат ескерткiштерi ормандарында, қорықтық аймақтарда, ғылыми маңызы бар ормандарда," деген сөздер "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында," деген сөздермен ауыстырылсын, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарының ормандарында, жемiс-ағаш екпелерiнде" және "және биiк таудағы" деген сөздер алып тасталсын; 41-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "Ұлттық және тарихи-табиғи парктер (шаруашылық қызметi аймақтарында)" деген сөздер "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи парктер (шаруашылық қызмет режимi реттелетiн, шектелген және дәстүрлер шаруашылық қызметi аймақтарында) деген сөздермен ауыстырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|