|
|
|
Экологиялық сараптама туралы Қазақстан Республикасының
ҚР 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Кодексімен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар) 2-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (10 - 12 баптар) органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi 3-тарау. Мемлекеттік экологиялық сараптама (13 - 28 баптар) 4-тарау. Қоғамдық экологиялық сараптама (29 - 32 баптар) 5-тарау. Экологиялық сараптаманы қаржыландыру (33 - 34 баптар) 6-тарау. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс (35 - 36 баптар) құжаттама тапсырысшыларының құқықтары мен мiндеттерi 7-тарау. Экологиялық сараптама саласында (37 - 38 баптар) келiспеушiлiктердi шешу 8-тарау. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау (39 - 40 баптар) заңдарының экологиялық сараптама саласында бұзылу түрлерi 9-тарау. Экологиялық сараптама саласындағы (41 бап) халықаралық ынтымақтастық Осы Заң басқарушылық, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмiрi мен денсаулығына терiс әсер етуiне жол бермеу мақсатында экологиялық сараптама саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 1-бап. Терминдер мен анықтамалар Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамаса. Экологиялық сараптама жасалуға жататын құжаттаманың тапсырыcшысы - жоспарланып отырған қызметтi жобалауға тапсырма берген және сараптама объектiсiн қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Сараптаманың бастамашысы - жобаның тапсырысшысын қоса алғанда, мемлекеттік немесе қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң қажеттiгi туралы мәселе қойған заңды немесе жеке тұлға. Сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттамада көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң құрылысын салу, пайдалану, тарату, қызмет көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымына түсуi жөніндегі жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ заң актiсiнiң күшiне енуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты пайдаланылуы. Экологиялық қауiптi қызмет - адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзген немесе тигiзуi мүмкiн басқарушылық және инвестициялық қызметтi қоса алғандағы тiкелей және жанама қызмет. Экологиялық қауiптi объект - iске асырылғанда адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн сараптама объектiсi. Экологиялық тәуекел - табиғат объектiлерi мен факторларының кез келген антропогендi өзгерiстерiнiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына (қасақана немесе кездейсоқ жасалған, бiртiндеп болатын және апатты) қолайсыз зардапттар тигiзу ықтималдылығы. Стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым мен энергетика, аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс саласындағы қызметпен байланысты сараптама объектiсi. Трансшекаралық объект - iске асырылуы адамдар денсаулығына және екi және одан да көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағындағы қоршаған ортаға керi әсер ететiн немесе керi әсер етуi ықтимал сараптама объектiсi. 2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдары Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 3-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары Экологиялық сараптаманың мақсаттары: 1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтi iске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал терiс зардаптарын болдырмау; 2) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтi iске асыру туралы шешiм қабылданар алдындағы сатыларда, сондай-ақ оларды салу және iске асыру процесiнде олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау; 3) өндiргiш күштердi орналастыру мен дамыту салдарынан экологиялық жай-күйдiң болжамдалып отырған өзгерiстерiне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету болып табылады. 4-бап. Экологиялық сараптаманың мiндеттерi Экологиялық сараптаманың мiндеттерi: 1) Ықтимал, әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық зардаптарға талдау жасауды қоса алғанда, объектiлерде атқарылған қоршаған орта мен халықтың денсаулығына, табиғи ресурстарға жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң әсер етуiн бағалаудың толымдылығы мен дұрыстығын анықтау; 2) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн жан-жақты, ғылыми негiзделген талдау мен бағалауды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасының заңдарындағы, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген стандарттардағы, нормалар мен ережелердегi экологиялық талаптардың сараптама жасалып отырған құжаттамада сақталуын тексеру; 4) экологиялық сараптама қорытындыларын әзiрлеу, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын ұйымдарға беру және мүдделi органдар мен халыққа қажеттi ақпарат беру болып табылады. 5-бап. Экологиялық сараптаманың принциптерi Экологиялық сараптама: 1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзудiң мiндеттiлiгi; 2) министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара iс-қимылы; 3) экологиялық сараптама тұжырымдарының объективтiлiгi мен ғылыми негiздiлiгi; 4) сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде тәуелсiз болуы; 5) жариялылық; 6) экологиялық сараптаманың кешендiлiгi мен оның алуан түрлi болуы; 7) экологиялық және медициналық-биологиялық мүдделердiң басымдығы принциптерiне негiзделедi. ҚР 11.05.99 ж. № 381-1 Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Экологиялық сараптама объектiлерi 1. Экологиялық сараптама объектiлерi мыналар болып табылады: 1) табиғат пайдалану мәселелерiне қатысты жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, шарттар, келісім-шарттар, соның iшiнде халықаралық шарттар мен келісім-шарттар; 2) Қазақстан Республикасының қабылданбақ болып белгiленiп отырған, қоршаған орта мен халық денсаулығына ықпал жасайтын заң актілері мен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары; 3) шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау жөніндегі талаптарды (экологиялық аудиттi) сақтауын бағалау материалдары; 4) табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар мен сертификаттарды алу кезiнде экологиялық негiздеме үшiн табыс етiлетiн құжаттама. 2. Кейiннен ерекше құқықтық мәртебе (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық апат аймақтары және басқалар) беру мақсатында аумақтарды кешендi зерттеу материалдары да экологиялық сараптама объектiлерi болып табылады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 7-бап. Экологиялық сараптама субъектiлерi Экологиялық сараптама субъектiлерi мыналар болып табылады: 1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу бөлiгiнде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның жергiлiктi жерлердегi органдары; 2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзуге тартатын орталық мемлекеттік органдар; 2-1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) субъектiлерiне мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу бөлiгiнде - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы; 3) қоғамдық экологиялық бiрлестiктер, ғылыми мекемелер және олар құратын экологиялық-сараптама органдары; 4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары экологиялық сараптама жүргiзуге тартқан, тиiстi лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (штаттан тыс сарапшылар). 8-бап. Экологиялық сараптаманың түрлерi Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады. 9-бап. Экологиялық сараптаманың жариялылығы 1. Объектiлерге экологиялық сараптама жүргiзудiң бастамашылары оның жүргiзiлетiнi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауға мiндеттi. Экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын орган да қажет болған жағдайда солай iстейдi. 2. Экологиялық сараптама жүргiзген сараптама органдары ол аяқталған соң, жұртшылықтың талап етуiмен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге түрде бiр ай мерзiмде экологиялық сараптама тұжырымдары туралы хабарлайды. 2-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және орталық атқарушы органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі экологиялық сараптама саласында шет мемлекеттер аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының мүдделерiн қозғайтын объектiлер мен кешендерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу қажет болған жағдайда сол мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасасу мәселелерiн шешедi. 2. Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде: 1) экологиялық сараптаманың талаптарына қатысты бөлiгiнде мемлекетаралық және өзге де бағдарламалардың қамтамасыз етiлуiне және орындалуына қатысады ; 2) экологиялық сараптама ұсыныстарын iске асыруға бағытталған ғылыми-техникалық шешiмдердiң енгiзiлуiн ұйымдастырады; 3) халықты экологиялық сараптама қорытындылары туралы сенiмдi ақпаратпен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; 4) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 11-бап өзгертілді 11-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның құзыретi 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы барлық экологиялық-сарапшылық қызметтi үйлестiрудi орындайды. 2. Орталық атқарушы орган қоршаған ортаны қорғау саласында өз өкiлеттiгi шегiнде: 1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi; 2) Қазақстан Республикасында экологиялық-сараптама қызметiн үйлестiредi, бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, экологиялық сараптама жүргiзу мәселелерi жөнiнде мемлекетте әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады; 3) қоршаған ортаға әсердi бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оны жүргiзу тәртібін қоса, жүргiзу жөнiнде нұсқама-әдiстемелiк құжаттарды белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және бекiтедi; 4) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң қызметiн реттейтiн құжаттарды, ондағы экологиялық талаптарды барынша толық есепке алу бөлiгiнде, үйлестiрiп отырады және бекiтедi; 5) экологиялық сараптама саласында қоршаған ортаға әсер етудi бағалау проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулердi үйлестiрiп отырады; 6) жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде табиғат қорғау нормалары мен ережелерi талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бөлiгiнде министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың тиiстi қызметтерiн бақылауды және үйлестiрудi жүзеге асырады; 7) консультациялар, бiрлескен экологиялық сараптамалар жүргiзу, ғылыми және әдiстемелiк талдамалар алмасу, осындай жұмыстарға шетелдiк мамандарды тарту мақсатында белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттердiң экологиялық-сараптама органдарымен өзара iс-қимыл жасайды; 8) мемлекеттік экологиялық сараптаманың, басқа да мүдделi бiрлестiктер мен құрамалардың эколог-сарапшыларын тиiсiнше даярлауды ұйымдастырады; 9) табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарға белгiленген тәртiппен лицензиялар берудi жүзеге асырады; 10) сарапшылық комиссиялардың құрамын белгiлейдi, экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс сарапшылар (жеке және заңды тұлғалар) ретiнде орталық және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, қоғамдық бiрлестiктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының өкiлдерiн тартады; 11) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi анықтамалық, басқа да материалдар алады; 12) сараптама объектiсiн iске асыру кезiнде заңды тұлғалардың мемлекеттік экологиялық сараптама шешiмдерi мен талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады. 13) жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын керi қайтарып алу мен күшiн жою құқығымен мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу жөніндегі қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 14) жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының экологиялық сараптама саласындағы қызметiн бақылауды жүзеге асыру ережелерiн бекiтедi; 15) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы бланкiсiнiң үлгiсiн бекiтедi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 12-бап жаңа редакцияда 12-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiне мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргiзедi; 2) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады; 3) экологиялық сараптама саласындағы құжаттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi және мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қарауына жiбередi; 4) сарапшылық жұмыстарды жүргiзу үшiн экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) тартады. 3-тарау. Мемлекеттік экологиялық сараптама ҚР 02.07.03 ж. № 454-11 ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама және оны жүргiзу нысандары 1. Мемлекеттік экологиялық сараптама қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның , оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң және өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының сараптама қызметiнiң түрi. Ол мiндеттi сипатта болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету бөлiгiнде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдаудың алдында жасалуға тиiс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша жобаны iске асыруға тыйым салынады. Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған алдын ала жобалау, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жекелеген түрлерi бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары жобалардың мемлекеттік сараптамасының жинақталған қорытындысына енгiзiледi. 2. Қайталап мемлекеттік экологиялық сараптама жасау табиғат пайдалану жағдайлары өзгерген реттерде, бұрын жүргiзiлген мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертпелерi бойынша материалдар пысықталғаннан кейiн сот органдары шешiмдерiнiң негiзiнде жүргiзiледi, сондай-ақ Үкiметтiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша қайталануы мүмкiн. ҚР 11.05.99 ж. № 381-1 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Мiндеттi мемлекеттік экологиялық сараптама жасалуға жататын объектiлер Мiндеттi мемлекеттік экологиялық сараптама жасалуға мына объектiлер жатады: 1) жоспарланатын, жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттамалардың барлық түрлерi, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, қызметтiң негiзгi бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісім-шарттар, соның iшiнде меншiк нысандарының және басқа да жекешелендiру түрлерiнiң өзгеруiне қатыстылары, өндiргiш күштердi дамыту мен орналастыру схемаларының жобалары; 2) аумақтарды экологиялық жағынан қалпына келтiру мен жердi жаңғырту жобаларын қоса, су, орман, жер және басқа да табиғи ресурстарды қорғау мен пайдаланудың кешендi схемаларының жобалары; 3) аумақтар учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары; 4) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметiн жүргiзудiң айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары; 5) кәсiпорындарды, объектiлер мен кешендердi, үйлер мен ғимараттарды орналастыруға, салуға, қайта жаңартуға, дамытуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейiмдеуге, таратуға арналған техникалық-экономикалық негiздемелер (есептеулер) мен жобалар, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн игеру мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер; 6) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, оның iшiнде шет елдерден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негiздейтiн құжаттама, табиғи ресурстарды алуға (пайдалануға) рұқсат (лицензия) берудi негiздейтiн құжаттама; 7) шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асырған кезде экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бөлiгiнде заңдардың, нормативтiк құқықтық, нормативтiк-техникалық және нұсқама-әдiстемелiк актiлердiң жобалары; 8) қауiптi табиғат құбылыстары, шаруашылық немесе өзге де қызмет (қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша) нәтижесiнде аймақта туындаған экологиялық ахуалды зерттеу материалдары; 8-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту мен орналастырудың сызбасы, сондай-ақ осы аумақтарды құру жөніндегі негiздемелер; 9) жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың қоршаған ортаның жай-күйiне зиянды әсер ететiн ықпалын бағалау (бақылаушы органдар мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша) жөніндегі құжаттама жатады. 10) 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 15-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттамаға қойылатын талаптар 1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттаманың құрамында тапсырысшы: 1) жоспарланып отырған қызметтiң бүкiл жүзеге асырылуы кезеңiнде оның қоршаған ортаның жай-күйiне, халықтың денсаулығына тигiзетiн әсерiне берiлген кешендi экологиялық-әлеуметтiк және экономикалық бағаны және осы қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеменi; 2) жоспарланып отырған қызметтi iске асыру туралы орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу құжаттарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қоғамдық пiкiрдi ескеру нәтижелерiн табыс етуге мiндеттi. 2. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттамада: 1) тиiмдi материалдарды, энергияны үнемдейтiн, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестердi енгізу; 2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы өсiру, өндiрiс қалдықтарын кешендi ұқсату және кәдеге жарату мен тұтыну; 3) сарқынды суларды тиiмдi түрде тазартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ тазартылмаған суларды табиғи су ағыстары мен су қоймаларына, жергiлiктi жер бедерiне жiберуден басым түрде бас тарта отырып, оларды техникалық мұқтаждар үшiн пайдалану; 4) атмосфералық ауаны ластанудан қорғауға қатысты негiзделген шаралардың пәрмендiлiгi мен кепiлдiлiгi; 5) топырақты, өсiп тұрған өсiмдiк пен жануарлар дүниесiн сақтау мен қалпына келтiру, табиғи-қорықтық қор объектiлерiнiң мәртебесiн мүлтiксiз сақтау; 6) халықты және қоршаған ортаны антропогендiк физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың зиянды әсерiнен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешiмдер көрсетiлуге тиiс. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi сараптама бөлiмшесi мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу үшiн қажеттi қосымша материалдарды сұратуға құқылы. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 16-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау 1. Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсердi бағалау рәсiмiн жоспарланып отырған шаруашылық қызметтiң тапсырысшысы, ал жұмыс iстеп тұрған объектiлер үшiн кәсiпорынның иесi не орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi. 2. Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсердi бағалау жобалау алдындағы және жоба құжаттамасының мiндеттi және ажырағысыз бөлiгi болып табылады, ал жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар үшiн бұл республикалық және облыстық маңызы бар бақылаушы органдардың, орталық атқарушы органдардың, кәсiпорын жұмыс iстейтiн аймақта тұратын азаматтар қоғамдық бiрлестiктерiнiң, сот және прокуратура органдарының, сондай-ақ кәсiпорынның өзiнiң бастамасы бойынша не қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң шешiмi бойынша не өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. 3. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жобалаудың барлық сатыларында жүргiзiлiп, онда: 1) жоспарланып отырған қызметтiң жүзеге асырылатын жерi бойынша қоршаған ортаның жай-күйi; 2) жоспарланып отырған қызметтiң мақсатқа жеткiзетiн балама нұсқалары, соның iшiнде осы қызметтен бас тарту; 3) аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму перспективалары;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |