|
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы" 1999 жылғы 20 мамырдағы № 144 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 29.11.99 ж. № 1807 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. ҚР Үкіметінің 13.07.99 ж. № 968; 23.08.99 ж. № 1221; 27.08.99 ж. № 1268; 29.11.99 ж. № 1807; 23.01.01 ж. № 111 қаулыларымен 2-тармақ өзгертідлді 2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мынадай ведомстволары құрылсын: 1) Құрылыс істері жөніндегі комитет; 2) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет; 3) 4) Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет; 5) Демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитет; 6) Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитет; 7) Атом энергетикасы жөніндегі комитет; 8) Аэроғарыш комитеті. ҚР Үкіметінің 14.06.99 ж. № 742; 13.04.00 ж. № 561 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 25.01.01 ж. № 133 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. № 1301 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды 4. 5. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 657 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі 1. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 686 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 23, 201-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1029 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 36, 328-құжат). 3. "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Өкілдігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1150 қаулысының 4-тармағы. 4. "Экономикалық зерттеулер институтын" мемлекеттік мекемесін "Экономикалық зерттеулер институтын" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 488 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |