|
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1040 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Мына ведомстволар: 1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөнiндегі комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi; 3) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi; 4) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi болып қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1040 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 3, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрдiң болуына рұқсат етiлсiн. 4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 224-құжат) 3-тармағы; 2) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 қарашадағы № 1807 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 52, 517-құжат) 1-тармағы. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1040 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, кен-металлургия, химия, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында басқаруды жүзеге асыратын, өз құзыретi шегінде мемлекеттік басқару мен бақылау қызметiн орындауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкiде шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан iс-қимыл жасауға құқығы бар. 4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында міндеттi күшi бар Министрдiң бұйрығымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 37. 7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрлiк қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрлiкке өз қызметi болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жолданады. 2. Министрліктің негізгIіміндеттері, қызметі мен құқықтары ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1040 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi: 1) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, кен-металлургия, химия, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру; 2) өз құзыретi саласында ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негiзiнде отын-энергетика кешенiн, өнеркәсiп салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзiрлеу осы салаларда жарғылық капиталдарына мемлекет қатысатын шаруашылық жүргізушi субъектiлердi қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар дайындау; 3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу; 4) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауына бақылауды қамтамасыз ету; 5) Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын әзiрлеу және iске асыруға қатысу; 6) Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту және тiкелей инвестицияларды ынталандыру жөнiнде шаралар әзiрлеуге және іске асыруға қатысу; 7) энергетика ұйымдары қызметiне мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүргiзу; 8) мемлекеттік активтердi тиiмдi басқару, республикалық меншiктi жекешелендiру саясатын жүргiзуге қатысу; 9) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып экспорттық бақылау саласында мемлекеттік саясат жүргізуге қатысу; 10) өз құзыретi саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгі бағыттарын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 11) өз құзыреті саласында ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiктiң, инновациялық қызметтің дамуына, ғылыми-техникалық өнiмдер рыногының қалыптасуына қажеттi жағдайлар жасау; 12) атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметтi мемлекеттік қадағалау және реттеу, ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету; 13) "Байқоңыр" ғарыш айлағының, бұрынғы Семей ядролық полигонының объектiлерiн тиiмдi пайдалану; 14) Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құруға қатысу. ҚР Үкіметінің 02.04.02 ж. № 390; 20.09.02 ж. № 1040; 26.08.03 ж. № 866; 27.01.04 ж. № 88 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мына қызметтi жүзеге асырады: 1) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, кен-металлургия, химия, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында мемлекеттік саясатты әзiрлейдi және iске асырады; 2) өз құзыретi саласында мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 3) өз құзыретi саласында өнеркәсiп саясатын iске асыру жөнiнде салалық және салааралық iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi және олардың атқарылуын ұйымдастыруды жүзеге асырады; 4) өз құзыретi саласында ұйымдарға әлеуеттi инвесторларды тартуға және инвестициялық жобаларды iске асыруға жәрдемдеседi; 5) елдiң отын-энергетика кешенiн дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi; 6) отын-энергетика теңгерiмiн әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi; 7) энергия үнемдеу, энергия көздерiнiң толымды және дәстүрлi емес көздерiн пайдалану саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеудi ұйымдастырады және iске асырады; 8) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеудi жүзеге асырады; 9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін, соның iшiнде тиiстi бақылаушы органдармен олардың құзыретi шегiнде өзара әрекеттесе отырып, келісім-шарт ережелерiнiң орындалуын, берiлген лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге құқық беру үшiн кен орындары мен аумақтар тiзбесiн, сондай-ақ мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, келісім-шарт жобасының экономикалық үлгісi мен салық салу жүйесiн қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттар жасасу үшiн шектеулi өлшемдердi бекітуге дайындайды; 11) инвестициялық бағдарламалар конкурстарын ұйымдастырады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтар беру жөнінде келіссөздер жүргізеді; 12) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша кеңесшiлердi ірiктеу үшiн тендерлер ұйымдастырады; 13) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар дайындауды және жасасуды жүзеге асырады; 14) жер қойнауын пайдаланушылармен жасалатын келісім-шарттардың өндiрiстiк-техникалық және экономикалық сараптамасын жасауды ұйымдастырады және оған қатысады; 15) жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісім-шарттарды сақтауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепілдікке салу шарттарының тiркелуiн жүзеге асырады; 16) жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiмдi бөлу туралы келісімдерде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi; 17) көмiрсутегiн өндiру, тасымалдау және қайта өңдеу мониторингiн, мұнай өнiмдерiн сатуды жүзеге асырады; 18) мұнай операцияларын жүргізуге, соның ішінде мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын әзiрлеуге, мұнай мен газдың жер асты қоймаларын пайдалануға, көмiрсутегі шикiзатының толықтай алынуына бақылауды қамтамасыз етедi; 19) әлемдiк өнеркәсiпте қабылданған стандарттарға негiзделген мұнай операцияларын жүргізудiң мейлiнше тиiмдi әдiстерi мен технологияларының қолданылуын бақылайды; 20) бас құбыр өткiзгіштерiн техникалық пайдалануды, олардың қауiпсiздiгi мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; 20-1) магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жерге орналастыру жобаларын келiсудi және жер учаскесiн бөлуге қажеттi қорытындылар берудi жүзеге асырады; 20-2) магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар объектiлерiн пайдалану мәселелерi бойынша құрылыс қызметi саласында реттеудi, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қатысады; 20-3) газды жеткізумен, тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 21) жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша шетелдiк және отандық инвестициялар ағындарының қозғалысына талдау жүргiзедi, оларды тартудың және ынталандырудың әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады; 22) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiруге бағытталған, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысады; 23) республикада және шет елдерде тiкелей инвестициялар тарту жөніндегі инвестициялық конференциялар, семинарлар, көрмелер мен басқа да тұсаукесерлiк шаралар өткiзудi қоса алғанда, жарнамалық-ақпараттық жұмыстарға қатысады; 24) өз құзыретi саласында инвестицияларды қолдау жөнiнде инвесторлармен, шетелдiк ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; 25) тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен сыртқы экономикалық қызметтi реттеуге қатысады; 26) мемлекеттік активтердi тиiмдi басқару саясатын әзiрлеуге және оның атқарылуын ұйымдастыруға қатысады; 27) өз қызметi саласында республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы , сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектісінің қызметiн жүзеге асырушы орган болады; 28) республикалық меншiктi жекешелендiру процесiне, оның iшiнде жоспарланатын қаржы жылында жекешелендiруге жататын объектiлердi белгiлеуге, республикалық меншiк объектiлерiн сатуға қатысады; 29) Үкiметтiң шешiмдерi бойынша Министрлiк құзыретi саласында қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік үлестерi мен пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегі қызметті жүзеге асырады; 30) өз қызметi саласында энергетикада, көлiкте, сондай-ақ өнеркәсiпте баға және тариф саясатын қалыптастыруға қатысады; 31) өз құзыретi саласында сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделейдi және экспорт пен импорт құрылымдарын жетiлдiру, өнiм экспорты мен импортын реттеу және шектеу жөнiнде ұсыныстар енгізедi; 32) өз құзыретi саласында қызмет түрлерiн лицензиялауды және лицензиаттардың лицензия шарттарын орындауын бақылауды жүзеге асырады; 33) өз құзыретi шегiнде толлингтiк операцияларға сараптама жүргізедi; 34) электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз етедi; 35) энергия ұйымдарының күзгі-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындалуын ұйымдастырады; 36) өз құзыретi саласында өнеркәсiпте игеру үшiн ғылыми-техникалық зерттеулердiң жай-күйiне және даму барысына талдау жүргiзедi, технологиялық сараптаманы жүзеге асырады; 37) өз құзыретi саласында конкурстық негізде қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды жүзеге асырады; 38) өз құзыретi саласында ақпараттандыру жөнiндегі бағдарламаларды әзiрлейді және орындалуын ұйымдастырады; 39) инновациялық кәсiпкерлiкке қолдау көрсетедi, өз құзыретi саласында ғылымды қажетсiнетiн шағын және орта бизнестiң дамуына көмектеседi; 40) аэроғарыштық қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргізедi; 41) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының объектілерін тиiмдi пайдалану жөнiнде iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiредi; 42) Жердi қашықтан зерттеу ғарыштық техникасы мен технологияларын қолдана отырып, жер қойнауын зерделеу және аймақтық геология, салалық геоақпараттық жүйе жасау саласында бағдарламалар әзiрлейдi және iске асырады; 43) атом энергиясын қауiпсiз пайдалану саласында мемлекеттік саясатты iске асырады; 44) ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын қауiпсiз пайдалану режимiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы басқа ұйымдарының Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттiкпен (АТЭХАГ) және басқа да тиiстi халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылын жүзеге асырады және үйлестiредi; 45) өз қызметi саласында заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын дайындауға қатысады, өз құзыретi шегiнде нормативтiк-құқықтық кесiмдер қабылдайды; 46) республикалық бюджетті әзiрлеуге қатысады; 47) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген өзге де қызметтi жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 03.05.01 ж. № 598; 02.04.02 ж. № 390 қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді және толықтырылды 12. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен және өз құзыретi шегінде: 1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға; 2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге; 3) нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға; 4) лицензиялауды жүзеге асыруға; 5) жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау жөніндегі талаптарды бұзушыларды жауапкершiлiкке тарту бойынша шаралар қабылдауға; 6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарт ережелерiнiң орындалмауына байланысты жұмыстарды тоқтата тұру туралы хабарламалар жiберуге және осы қызметтi тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге; 7) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға; 8) ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге; 9) халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгiзуге, шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге, шарттар (келісімдер) жасасуға; 9-1) Жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiм бөлу туралы келісімдерде көзделген мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан кепiлдiктер беруге. 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 14. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады. Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлік есебiнен қалыптасады әрi негiзгі және айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктерден тұрады. 15. Министрлiк өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқылы емес. Министрлiкке республиканың заңнамасымен белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлік қызметін ұйымдастыру 16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады. Министрдiң Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметiнiң жүзеге асырылуына дербес жауапкершiлiкте болады. 18. Министр осы мақсатта мына өкiлеттiктердi жүзеге асырады: 1) өз орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi; 2) заңнамаға сәйкес министрлiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) бұйрықтарға қол қояды; 4) ведомстволарды қоспағанда Министрлiктiң құрылымын, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi; 5) Министрлiктi мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiреді; 6) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және оларды көтермелейді; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 19. Министр жанынан құрамында Министр, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары бар консультативтік-кеңесші орган - алқа құрылады. Алқаның сан және жеке құрамы мен ол туралы ережені Министр бекітеді. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ?кіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 29.03.01 ж. № 402; 28.06.01 ж. № 887; 03.08.01 ж. № 1025; 06.05.02 ж. № 498; 09.07.02 ж. № 751; 19.07.02 ж. № 807; 12.09.02 ж. № 996; 20.09.02 ж. № 1040; 13.03.03 ж. № 240 қаулыларымен тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң қарамағындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI Мемлекеттік мекемелер 1. алып тасталды 2. Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығы 3. Тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнайы жобалау-конструкторлық және технологиялық бюро 3-1. "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттік мекемесi Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар 4. Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы 5. Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы 6. Уранкенiштарату 7. алып тасталды 8. Кентаукенiштарату 9. Қазақжарылысөнеркәсiп 10. алып тасталды 11. алып тасталды 12. алып тасталды 13. "Алматыэнерго" Алматы энергетика жүйесi 14. "Қарағандыэнерго" Қарағанды энергетика жүйесi 15. "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетика жүйесi 16. Маңғышлақ атом энергетикасы комбинаты 17. Қарағандышахтатарату 18. Өндiрiстiк-пайдаланушы кәсiпорын 19. алып тасталды 20. Салааралық ақпараттың ғылыми-техникалық орталығы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі" бөлiмiнде реттік нөмiрi 3-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" бөлiмiнде реттiк нөмiрлерi 29, 30а-жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі" бөлiмi мына мазмұндағы реттiк нөмiрi 106а-2-жолмен толықтырылсын: "106а-2 "Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық Оңтүстiк Қазақстан жүргiзу құқығында) облысы, Кентау қаласы"; мына мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 106а-3-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi 106а-3 "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Байқоңыр қаласы"; мына мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 106а-4-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитеті 106а-4 "Мамандандырылған гравиметрикалық кәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу Алматы облысы, құқығында) Iле ауданы"; "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөнiндегі комитетi" бөлiмiнің тақырыбындағы ", индустрия және сауда" деген сөздер "және минералдық ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүектегі № 995 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Аэроғарыш комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 353-құжат): 1) кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 қарашадағы № 1807 қаулысына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын; тақырыбындағы және мәтiніндегі ", индустрия және сауда" деген сөздер "және минералдық ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеге: тақырыбындағы және мәтiнiндегі ", индустрия және сауда" деген сөздер "және минералдық ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1106 қаулысымен 3-тармағының күші жойылды 3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөнiндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 376-құжат): 1) тақырыбындағы және 1-тармағындағы ", индустрия және сауда" деген сөздер "және минералдық ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |