Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 8-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және көрсетілген Тәртіпке сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кіріс бөлігінен процентпен облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алудың мөлшерлерін айқындасын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аудандар мен қалалардың бюджеттерінен бюджеттік алуды жүзеге асырудың қажеттігі кезінде төменгі тұрған бюджеттермен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері шоттарында дебеттік қалдықтар қалдырмастан республикалық бюджетке бюджеттік алуларды аударуды қамтамасыз ететін өзара қатынастың тетігін енгізу жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 528 қаулысымен бекітілген Облыстық, бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің Тәртібі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|