Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесi бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметiнiң 2002 жылғы 25 шілдедегi № 832 қаулысымен бекiтілді Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесi 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексiне (Жалпы бөлiм), "Бюджет жүйесi туралы" (бұдан әрi - бюджет жүйесi туралы заң) 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi. 2. Осы Ереже бюджет жүйесi туралы заңда белгiленген кезеңдерге сәйкес бюджеттiң атқарылу рәсiмдерiн анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|