|
|
|
Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысы (ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 15 наурыздағы N 320 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi және "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесi бекiтiлсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 25 шілдедегi N 832 қаулысымен бекiтілді Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшін бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсімдердің ережесi 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексiне (Жалпы бөлiм), "Бюджет жүйесi туралы" (бұдан әрi - бюджет жүйесi туралы заң) 1999 жылғы 1 сәуiрдегi және "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi. 2. Осы Ереже бюджет жүйесi туралы заңда белгiленген кезеңдерге сәйкес бюджеттiң атқарылу рәсiмдерiн анықтайды. 3. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi қаржылық рәсімдер - мемлекеттiк мекемелер өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын және қолданылып жүрген заң актiлерiне сәйкес бекiтiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттерге атқаруға бағытталған iс-әрекеттер. 4. Бюджеттi атқару жөнiндегi қаржылық рәсімдер сол сияқты бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарының және тиiстi қаржы жылының 1-тоқсанына арналған жергілікті бюджеттi қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуына қолданылады. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бюджеттің атқарылу процесiндегi iс-әрекеттерi, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп жүргiзу және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнінде есептiлiктi жасау тәртiбi Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен анықталады. 2-бөлiм. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың актiлерді дайындау рәсiмдерi 1-тарау. Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн дайындау және бекiту рәсiмдерi 6. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы бекiтiлгеннен кейiн бес жұмыс күнiнiң iшiнде оның iске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiсi қабылданады. 7. Республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiсi (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiсi): кiрiстердiң, алынған ресми трансферттердiң көлемдерiн, республикалық бюджеттен берiлген несиелердiң қайтарылуын, бюджеттің шығындарын, несиелерi мен тапшылығын (профицитiн), республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыруды (профициттi пайдалануды); функционалдық топтар, iшкi функциялар, республикалық бюджеттік бағдарламалар, бағдарламалар және кiші бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджеттiң шектi шығыстарының тiзбесiн; республикалық ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар және кiшi бағдарламалар, дамытудың бюджеттiк бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тiзбесiн; республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн; мемлекеттiк мекемелерге республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөніндегi тапсырмаларды қамтиды. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiсiн әзiрлеудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (бұдан әрi - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi) жүзеге асырады. 2-тарау. Мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың актiсiн дайындау және бекiту рәсiмдерi 9. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмi қабылданғаннан кейiн жетi жұмыс күнiнiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган оның iске асырылуы туралы актiнi қабылдайды. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның актiсi (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органның актiсi): кiрiстердің, алынған ресми трансферттердің көлемдерiн, жергiлiктi бюджеттен берiлген несиелердің қайтарылуын, бюджеттiң шығындарын, несиелерi мен тапшылығын (профицитiн), жергiлiктi бюджеттің тапшылығын қаржыландыруды (профициттi пайдалануды); функционалдық топтар, ішкі функциялар, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар және кiші бағдарламалар әкімшілерi бойынша жергіліктi бюджеттiң шектi шығыстарының тiзбесiн; жергілікті ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және кiші бағдарламалар, дамытудың бюджеттiк бағдарламалары мен кiшi бағдарламаларының тiзбесін; жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн; мемлекеттік мекемелерге тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөнiндегi тапсырмаларды қамтиды. 11. Жергiлiктi бюджеттi атқару барысында жергiлiктi атқарушы органның актiсiне өзгерiстер ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергіліктi атқарушы органның бекітілген актiсiнің көрсеткіштерi өзгерген жағдайда енгiзіледi. 3-тарау. Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту және нақтылау рәсiмдерi 12. Бюджеттiк бағдарламалардың паспорты (бұдан әрi - паспорт) бюджеттiк бағдарламалардың мониторингiн қамтамасыз ету, iске асыруды бағалау және тиімділiгі бақылау, сондай-ақ бюджеттің атқарылу сатысында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында әзiрленедi және бекiтiледi. 13. Паспорт күтілетiн нәтижелер көрсетiле отырып, мақсатын және мерзiмдерi, ресурстары және iс-шаралардың атқарушылары бойынша келiсiлген кешенiн анықтайды. Бұл ретте бағдарламаның мақсаты елдiң экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтары ескерiле отырып, қойылуы тиiс. 14. Бюджеттiк бағдарламаның объективтiк мониторингiн, оның тиiмдi iске асырылуын бағалауды және тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн паспорт бюджеттiк бағдарлама туралы толық ақпаратты қамтуы тиiс. 15. Паспортты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджетте көзделген әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша жыл сайын бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілері әзiрлейдi. 16. Паспорттарды Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу ережесiмен анықталған нысан бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын және республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерiнiң бюджеттiк өтiнімдерiн әзiрлеу сатысында әзiрленген жобалардың негiзiнде Yкімет немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Бұл ретте, бюджеттердiң жобаларын тиiстi бюджет комиссиясында Қазақстан Республикасының Үкiметiнде, жергiлiктi атқарушы органда, Қазақстан Республикасының Парламентiнде және мәслихаттарда қарау нәтижелерi ескеріледi. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. Паспорттар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi және жергiлiктi атқарушы органдардың кесiмдерi қабылданғаннан кейiн, бiрақ қаржы жылының басталуынан кешiктiрмей он жұмыс күнi iшiнде бекітілуi тиiс. Мәслихаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер бекiтiлгенге дейiн жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу сатысында әзiрленген паспорттардың жобалары жергілiктi бюджеттерді атқару үшiн пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 18-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 18. алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды 18-1. Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын нақтылауды бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң өтiнiмi негiзiнде Бюджет комиссиясы қарайды. Бюджет комиссиясы олардың негiзiнде бағдарлама iске асырылатын нормативтiк құқықтық және заңнамалық өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге байланысты бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзiн нақтылауды қарамайды. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бюджеттiк бағдарламаның паспортына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қаулысының жобасын немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмiн заңнамада белгіленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсi әзiрлейдi. 3-бөлiм. Қаржыландыру жоспарларын жасау және бекiту 19. Бюджеттi атқару үшiн қаржыландырудың мынадай түрлерi жасалады: мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жоспарлары; бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары; қаржыландырудың жиынтық жоспары. 20. Мәслихат тиiстi қаржы жылына арналған жергіліктi бюджеттi бекiткенге дейiн бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерi мен мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарлары тиiстi қаржы жылына арналған жылдық жергiлiктi бюджет жоспарының 1/4 бөлiгi шегiнде қалыптасады. 21. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жоспарлары, мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары және қаржыландырудың жиынтық жоспарлары республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың актілеріне, паспорттарға, Бiрыңғай бюджетi сыныптамаға, Шоттардың бiрыңғай стандарттық жоспарына сәйкес және осы Ережеде белгiленген тәртiппен әзiрленедi. 22. Мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелерi бойынша Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрi - мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жоспары) және мемлекеттiк мекеменің төлемдерi бойынша (бұдан әрi - төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары) бюджеттi атқару жөнiндегi мемлекеттiк мекеменiң негiзгi құжаттары болып табылады. 23. Мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары қаражаттың көлемдерiн анықтайды, оның шегінде мемлекеттiк мекеме бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шараларды iске асыру үшiн мiндеттемелер қабылдауға құқығы бар. Мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарының сомасын ай сайын бөлу тиiстi ағымдағы жыл iшiнде оның паспортында көзделген әрбiр бюджеттік бағдарлама және кiшi бағдарлама бойынша iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес мiндеттемелердi қабылдау мерзімдеріне сәйкес келуi тиiс. 24. Мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген iс-шараларды жүргiзумен байланысты мiндеттемелердi қабылдауына рұқсаттар беру үшiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi бойынша бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарын қалыптастыру үшiн пайдаланылады. 25. Мемлекеттiк мекеменің төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспары қаражаттың көлемдерiн анықтайды, олардың шегiнде мемлекеттік мекеменің бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарында көзделген iс-шараларды iске асыру үшiн қабылданатын мiндеттемелер бойынша төлемдер жүргiзуге құқығы бар. Мемлекеттiк мекеменің төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын ай сайын бөлу паспортта көзделген әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес тиiстi қаржы жылы iшiнде алынатын тауарлар, (жұмыстар және қызметтер) бойынша төлемдердi жүзеге асыру мерзiмдерiне сәйкес келуi тиiс. 26. 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын: республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердi бекіту немесе нақтылау кезiнде болған өзгерiстердi ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмiнде ұсынылған бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстар есептемесiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңын iске асыру туралы Yкiметтiң және жергiлiктi атқарушы органдар актiлерiнiң және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы шешiмнiң (бұдан әрi - есептеме); бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша iс-шараларды iске асыру мерзiмдерi, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрi мемлекеттiк сатып алу туралы заң) сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды жүргiзу, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлермен шарттар жасасу сияқты бюджеттік бағдарламалар паспорттарының көрсеткiштерiн, сандық көрсеткiштердi ескере отырып; бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) нормативтiк құқықтық негiздерiне сәйкес; мемлекеттiк мекемелердің Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергілiктi атқарушы органдардың актiлеріне және тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттың шешiмдерiнде берiлген тапсырмаларды iске асыруына байланысты нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес; Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының экономикалық сыныптамасына (бұдан әрi - шығыстардың экономикалық сыныптамасы) сәйкес; шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес әзiрлейдi. 27. Мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына, сондай-ақ оларға есептемелерге мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, және ол бас бухгалтер қол қояды және оның мөрімен расталады, одан кейін бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiне беріледi. 28. Мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасаудың дұрыстығы үшiн және оларды бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкімшілерiне уақтылы тапсырмағаны үшiн жауап бередi. 29. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын 3 және 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандар бойынша қаржыландыру жоспарларын тиiсiнше мiндеттемелер және төлемдер бойынша мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарын жинақтау жолымен бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қалыптастырады. 30. Бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiнің мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың актiлерiмен бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалар және кiшi бағдарламалар бойынша сомаға сәйкес келуi тиiс. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 31-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 31. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарлары қаржыландырудың тиiстi жиынтық жоспарларын қалыптастыpy үшiн пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 31-1-тармақпен толықтырылды 31-1. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың, кiшi бағдарламалардың әкiмшілерi және бiрыңғай бюджеттiк сыныптама шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiнiсiнде республикалық бюджеттiң шығыстарына арналған жылдық бюджеттiк тағайындаулардың жиынтығын бекiтедi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бередi. 32. Мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бiріншi басшысы немесе оларға уәкiлеттiк берген тұлға бекiтедi. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы болмаған жағдайда, Мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын оларға осындай мiндеттемелердi жүктеу туралы бұйрыққа сәйкес оның жауапты тұлғалары бекiтедi. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 33. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бекітiлген жоспарларды, олар бойынша Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiлген жылдық соманы, оларға есептеулердi, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң бекiтілген қаржыландыру жоспарларын Қаржы министрлiгiне бередi. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары Қаржы министрлiгi белгiлеген форматта қағаз және электрондық түрде, ал мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарлары - магниттік түрде ғана беріледi. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жергiлiкті атқарушы органның кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бекiтілген жоспарларды, оларға есептеулердi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға бередi. Барлық деңгейдегi қаржыландыру жоспарларының шынайылығына, ресiмделу дұрыстығына және уақытылы берiлуiне бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерi жауап бередi. 34. Қаржыландыру жиынтық жоспарының мынадай құрылымы бар: бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары: кiрiстер; алынған ресми трансферттер; несиелердi қайтару; бастапқы қаржы жылына арналған бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, бюджеттің тапшылығын қаржыландыру көздерi; міндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары: шығындар; несиелер; үкіметтік борышты өтеу немесе жергiліктi атқарушы органның борышын өтеу. 35. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасы Yкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған актiсi бекiтiлгеннен кейiн екi аптаның iшiнде қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекiтедi. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 36. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспары заң актілерiне сәйкес бюджетке төленетін төлемдердiң мерзiмдерi, алдағы жылы бюджетке түсетiн түсiмдердiң серпiнi, мемлекеттiк бағалы қағаздардың табыстылық серпiнiнің талдауы және бағалы қағаздар рыногында сұраным және ұсыныс деңгейi, 5-қосымшаға сәйкес белгiленген нысанда жасалған заемдар туралы несие келiсiмдерi мен шарттарының (келiсiм-шарттарының) жағдайлары негiзге алына отырып республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының негiзiнде жасалады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 36-1-тармақпен толықтырылды 36-1. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарлары республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларына негiздей отырып, 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, Астана, Алматы қалаларының бөлiнiсiнде қалыптастырылады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 37. Міндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары 6 және 7-қосымшаларға сәйкес белгiленген нысандар бойынша мынадай тәртiппен қалыптасады: мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары Қаржы министрлiгiне және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бекiтілген тиiстi қаржыландыру жоспарының сомасы болып табылады; бюджеттiк бағдарламалардың, бағдарламалар және кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарларының жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың актiсiмен бекiтілген сомаға бюджеттiк бағдарламалардың, кішi бағдарламалардың әкiмшілерi және Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың бағдарламалары мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiнiсiнде республикалық бюджеттiң шығыстарына арналған жылдық бюджеттiк тағайындаулар жиынтығының сомасына сәйкес келедi; жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға берiлетiн ресми трансферттердің және несиелердiң жылдық сомасын ай сайынғы бөлу мемлекеттiк басқарудың төмен тұрған деңгейлерiнiң ұсыныстары бойынша көзделедi; жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға берілетiн ресми трансферттердің сомасы және несиелердi қайтару жоғары тұрған бюджеттердiң түсiмдерi жөнiндегi жиынтық жоспарындағы сияқты сондай көлемдерде және сол айларда төмен тұрған бюджеттердің міндеттемелері және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында ескеріледi; бюджетке түсетiн түсімдердiң жиынтық жоспары және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетке түсетiн ақша түсiмдерінің күтілетін көлемiн ескере отырып, жыл басынан үдемелi өсу қорытындысымен жыл бойынша және айлар бойынша теңдестiрілуi тиiс, бұл ретте өсу қорытындысымен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу көлемi өсу қорытындысымен бюджетке түсетiн жиынтық түсiмдердiң жиынтық жоспарының сомасын айлар бойынша бөлу көлемiнен аспауы тиiс. 38. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ресми трансферттердiң бекiтiлген сомасын, республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне берілетiн бюджеттiк несиелер сомасын, республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетiне бұрын берiлген несиенi қайтару сомасын ай сайын бөлудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлiгiне бередi. 39. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi уәкiлеттi органдары облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджетiне берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын бөлудi облыстық бюджеттер бекiтiлгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде облыстардың жергiлiктi уәкілеттi органына бередi. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 39-1-тармақпен толықтырылды 39-1. Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлiгiне 5-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларын және оларға есептеулердi ұсынады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 39-2-тармақпен толықтырылды 39-2. Қаржы министрлiгi осы Ереженiң 35-тармағында көрсетiлген мерзiмге дейiн екі жұмыс күнiнде мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға олар жiберген тиiстi түсiмдер жоспарларының жобалары қабылданбаған жағдайда себептерiнiң негiздемесiмен республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн берiлген республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларын жiбередi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |