|
|
|
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы Бұрынғы ред. қара ҚР 2004 ж. 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджет Кодексімен күші жойылды 1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік қарыз алудың мақсаттары (6-14 баптар) 3-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз (15-28 баптар) алу және борыш 4-тарау. Кредит берушілердің мүдделерін қорғау (29-31 баптар) 5-тарау. Қорытынды ережелер (32-34 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының мемлекеттік қарыз алуы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз алуы процесінде, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару процесінде туындайтын қатынастарды реттейді. ҚР 06.11.01.11.06. № 252-II;02.07.03 ж. № 443-II (бұр. ред. қара); 09.07.03 ж. № 482-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аваль - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөніндегі төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды; 2) жалпы сыртқы борыш - алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы резидент еместерімен келісім-шарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы; 3) сыртқы заем - Қазақстан Республикасының резидент емесi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 4) сыртқы мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент емес кредит берушiлерi алдындағы сыртқы мемлекеттік заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлiгi; 5) iшкi заем - Қазақстан Республикасының резидентi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 6) iшкi мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының кредит берушi-резиденттерi алдындағы iшкi мемлекеттік заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас бөлiгi; 7) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заем берушiлерге ұсынатын, иелерiне бiрдей құқықтарды қамтамасыз ететiн әрi орналастыру, өтеу және қызмет көрсету шарттары бiрдей бағалы қағаздардың жиынтығы түріндегі борыштық мiндеттемелерiнiң шешiм қабылдау және заң жүзiнде ресiмдеу процесi; 8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкiметтiк, егемен) кепілдiгi - Қазақстан Республикасының заем алушы-резидентi одан алынуға тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кредит берушiлер алдындағы берешектi толық немесе iшiнара өтеуге мiндеттемесi; 9) мемлекет кепілдiк берген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бар, алынған және өтелмеген мемлекеттік емес заемдардың белгiлi бiр күнгi сомасы; 10) мемлекет кепiлдiк берген заем - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес заем; 11) мемлекеттік борыш - белгiлi бiр күнге үкiметтiк борыштың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдар борышының сомасы; 12) мемлекеттік заем - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе жергiлiктi атқарушы органы заем алушы болатын заем қатынастары; 13) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заем алушы болатын заемға қатысты оны ұстаушының мүлiктiк құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз; 14) ақша рыногы - қысқа мерзiмдi (бiр жылға дейiн), өтiмдi борыштық қаржылық құралдар рыногы; 15) заем туралы шарт (келісім) - заем алушы сол арқылы заем қаражатын алатын және заем берушiнiң алдында оны қайтару жөнiнде әрi сыйақыны (мүдденi) сондай-ақ заемға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын құқық қатынастарын тiркейтiн құжат; 16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алған және өтемеген мемлекеттік заемдардың, сондай-ақ заң актілерімен белгілi бiр күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына жатқызылған борыштық мiндеттемелердің сомасы; 17) қарыз алу - заем қаражатын тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдау, заемды тартудың, пайдаланудың, өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң тәртібі мен шарттарын анықтау рәсiмдерiн, келiссөздер, мiндеттемелердi қамтамасыз етудi және атқарылуына кепiлдiк беру, заем бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және қол қою, заем шарттарын бекіту (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезiнде) рәсiмдерiн, тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда, заем қаражатын алуды, пайдалануды, заемды өтеудi және оған қызмет көрсетудi қамтитын процесс; 18) банктің кепiлдiгi - заем алушы заем туралы шарт (келісім) бойынша өзi төлеуге тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда екiншi деңгейдегi банктiң (банктердің) немесе шетелдiк банктiң (банктердiң) бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның алдындағы мемлекеттік емес заем бойынша берешектi өтеу жөніндегі мiндеттемесi; 19) жергілiктi атқарушы органның борыш лимиті - тиiстi жылға арналған жергілiктi бюджетте жоспарланған жергiлiктi атқарушы органның алған және өтелмеген заемдарының тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақыттағы (қаржы жылының аяғындағы) жергiлiктi атқарушы органның нақты борышы одан аспауға тиiс; 20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыртқы борыш лимитi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi алған және өтелмеген сыртқы заемдарының жоспарлы тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақытта (қаржы жылының аяғында) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нақты сыртқы борышы одан аспауға тиiс; 21) алып тасталды 22) үкiметтiк борыш лимитi - тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте жоспарланып отырған, үкiметтiк заемдардың алынған және өтелмеген тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақытта (қаржы жылының аяғында) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нақты борышы одан аспауға тиiс; 23) мемлекеттік кепілдіктер беру лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң құрамында бекітілетiн, соның шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi берiлуi мүмкiн тiркелген сома; 24) борыш мониторингi - борыштың қалыптасуы, өзгеруi және оған қызмет көрсету процесiн қадағалау, талдау және бақылау бойынша мемлекеттiң өзi уәкiлеттiк берген органдардың атынан атқаратын қызметi; 25) мемлекеттік емес заем - Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергiлiктi атқарушы органдарды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 26) сыйақының (мүдденiң) тiркелмеген (өзгермелi) ставкасы - рыноктық конъюнктураға байланысты өзгерістерге бейiм кредиттер, заемдар бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкасы немесе сыйақымен (мүддемен) бiрге бағалы қағаздар бойынша кiрiс; 27) борышқа қызмет көрсету - белгiлi уақыт кезеңiнде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы /мүдде/, комиссиялық, айыппұл және басқа да төлемдердi жинақтап төлеу; 28) заемға қызмет көрсету - заем алушының шоттарындағы заем қаражаттарын пайдалануды есепке алу және заем шарттарына сәйкес негiзгi борышты өтеуге төлемдердi, сыйақыны /мүдденi/, комиссиялық және басқа төлемдердi заем алушының жүзеге асыруы жөніндегі уәкiлеттi органның немесе банктiң қызметi; 29) борышты өтеу - заем алушының алынған заемдар сомасын кредит берушiлермен (заем берушiлермен) шарттарда (келісімдерде) белгiленген тәртiппен қайтаруы (амортизациясы), борышты құрайтын басқа да мiндеттемелердi белгiленген тәртiппен орындауы; 30) бағдарламалық заемдар - Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсілген Қазақстан Республикасы экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі шараларды орындау талаптарымен халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беретiн заемдары; 31) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу жолымен алғашқы иеленушiлерге беру; 32) Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан орны бар заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан орны бар филиалдары мен өкiлдiктерi; 32-1) заем құрылымын өзгерту - тараптардың келісімiмен өздерiнiң заем туралы шарт (келісім) бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын өзгертуi; 33) несие капиталының рыногы - бос ақшаның жинақталуын қамтамасыз ететiн экономикалық қатынастар жүйесi, оларды несие капиталына айналдыру және оны өз қызметiн түрлi елдерде жүзеге асыратын молықтыру процесiне қатысушылардың арасында қайта бөлу; 34) несие капиталы - сыйақы (мүдде) түріндегі ақы үшiн қайтарымдылық шарттарында берiлетiн ақша капиталы; 35) негiзгi борыш сомасы - алынған заемның өтелуге тиiстi және кредит берушiге қайтарылмаған, ол бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде), комиссиялық төлемдер мен айыппұлдар сомасы есепке алынбаған сома. 2-бап. Осы Заң реттейтiн объектiлер Осы Заң реттейтiн объектілер Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын қарыз алу, Қазақстан Республикасының резиденттерi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлетiн қарыз алу, сондай-ақ осындай қарыз алу нәтижесiнде құрылатын мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару болып табылады. 3-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдары Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы тек қана Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. Мемлекеттік емес қарыз алу осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен реттеледi. ҚР 06.11.01.11.06. № 252-II;02.07.03 ж. № 443-II (бұр. ред. қара) 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Мемлекеттік органдардың қарыз алу мен борышты басқару саласындағы өкiлеттiгi 1. Қазақстан Республикасының Парламентi өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері жүктеген республикалық бюджеттi бекіту және мемлекеттік заемдардың мәселелерi бойынша халықаралық шарттарды бекіту жөніндегі өкiлеттiктi жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заемдарды тарту, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік емес заемдары бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды; 2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару саласындағы құзыретiн белгiлейдi; 3) Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдарының заем туралы шарттарды (келісімдердi) жасасу, олардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр түрi бойынша жеке мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару, орналастыру, оларға қызмет көрсету және өтеу, мемлекеттік кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мемлекеттік емес заемдар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тiркеу және есепке алу тәртібін, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен басқару тәртібін белгілейдi; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң жобаларын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Парламентi мен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзедi. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік заемдарды, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімiмен сыртқы заемдарды тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды; 2) осындай заемдарды тартудың қаржылық шарттарын белгiлейдi; 3) осындай заемдар бойынша шарттар (келісімдер) жасасады; 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады; 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заемдарын алады, пайдаланады, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi борышының мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады; 6) Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi үшiн мiндеттi мемлекеттік кепiлдiктерi жоқ, мемлекеттік емес сыртқы заемдар туралы шарттарды тiркеудi және олардың әрi қарай мониторингiн жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышын бағалауды түзедi. 4. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган: 2) үкiметтiк заемдардың қаржылық шарттарын белгiлейдi, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарды тартуын келiседi; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсыруымен келiссөздер жүргiзедi, үкiметтiк заемдардың шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік емес заемдары бойынша мемлекеттік кепiлдiктер бередi; 4) үкiметтiк заемдарды алады, пайдаланады, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды және үкiметтiк борышты басқаруды жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік емес заемдарының мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; 6) Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша үкiметтiк және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктерге уәкiлдiк бередi; 7) барлық мемлекеттік заемдарды және мемлекеттік кепiлдiктердi тiркеудi, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады; 4-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саясатын әзiрлеуге қатысады; 2) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады. 5. Жергiлiктi өкiлдi орган жергiлiктi атқарушы органның заемдарды тартудың қажеттiгi мен шарттары туралы шешiмдер қабылдайды. 1) жергiлiктi өкiлдi органға жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға iшкi заемдарды тарту қажеттiгi туралы ұсыныстар енгiзедi; 2) келiссөздер, жергiлiктi атқарушы органның заемдарын келiсудi, ресiмдеудi және қол қоюды жүргiзедi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығарады; 3) Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша жергiлiктi атқарушы органның ішкі заемдарына қызмет көрсету үшiн тартылатын екiншi деңгейдегi банктердi анықтайды; 4) жергiлiктi бюджеттi атқару тәртібімен жергiлiктi атқарушы органдардың заем қаражаттарын алады және пайдаланады, осындай заемдарды өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады; 5) жергiлiктi атқарушы органның заемдарын тiркейдi және жергiлiктi атқарушы органның борыш мониторингi мен оны басқаруды жүзеге асырады; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекеттік борышты және жергiлiктi атқарушы органдардың борышын басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 5-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттік борышты өтеу есебiне төленген қаражаттың сомасы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының берiлген мемлекеттік кепiлдiктерi және кепiлдiктер бойынша төленген қаражаттың сомасы туралы мәлiметтер ашық болып табылады әрi оларды уәкiлеттi мемлекеттік орган статистикалық есеп нысанында тоқсан сайын ресми жариялап тұруға тиiс. 2-тарау. Мемлекеттік қарыз алудың мақсаттары ҚР 06.11.01.11.06. № 252-II;02.07.03 ж. № 443-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Мемлекеттік қарыз алудың мақсаттары Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуы республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерiн толықтыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүргiзiлiп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарда жүзеге асырылады. 7-бап. Мемлекеттік заемдардың түрлерi мен нысандары 1. Заем алушыға қатысы бойынша мемлекеттік заемдар: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заемдары; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заемдары; 3) Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының заемдары болып бөлiнедi. 2. Несие капиталының рыногы бойынша мемлекеттік заемдар: 1) сыртқы мемлекеттік заемдар; 2) iшкi мемлекеттік заемдар болып бөлiнедi. 3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік заемдар: 1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы; 2) заем туралы шарттар (келісімдер) жасасу болып бөлiнедi. 4. Қолданылу мерзiмi бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар: 1) айналыс мерзiмi 1 жылға дейiн, қысқа мерзiмдi; 2) айналыс мерзiмi 1 жылдан 10 жылға дейiн, орта мерзiмдi; 3) айналыс мерзiмi 10 жылдан астам, ұзақ мерзiмдi болып бөлiнедi. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар оны ұсынушылар үшiн тек қана құжаттық нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының (мүдденiң) бекітілген және бекітілмеген (өзгермелi) ставкасымен шығарылуы мүмкiн. ҚР 2001.11.06. № 252-II Заңымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Мемлекеттік заемдарды тарту тәртібі 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заем туралы келiссөздер жүргiзу, шарттарға (келісімдерге) қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсiру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан заемдарды тартуды заем туралы әрбiр жеке шарт (келісім) немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың түрi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмi негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган болып табылады, ол осындай мемлекеттік бағалы қағаздардың әрбiр эмиссиясының көлемiн, мерзiмiн және талаптарын белгiлейдi. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заемдарды тарту тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы заңдармен белгiленедi. 3. Жергiлiктi атқарушы органның заемды тартуы жергiлiктi атқарушы органдардың заем туралы шарт (келісім) жасасу нысанында заем туралы шарттарына (келісімдерiне) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асыратын мiндеттi құқықтық сараптама және заем талаптарына бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асыратын қаржылық сараптама жасау арқылы жүргiзіледi. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган сараптамасының нәтижелерi оң болған жағдайда, келiссөздер жүргiзудi, заем туралы шарттардың (келісімдердiң) ресiмделуi мен оларға қол қоюды, қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органының заемдар тартуын жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында заемды тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен мемлекеттік бағалы қағаздардың әрбiр эмиссиясының мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де шарттарын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсу арқылы жүргiзiледi. ҚР 02.07.03 ж. № 443-II Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 9-бап. Мемлекеттік қарыз алуды шектеу 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыз алуы тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген үкiметтiк борыштың лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражаттың көлемiмен шектеледi. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік сыртқы қарыз алуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік сыртқы борышының лимитiмен шектеледi, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан бағдарламалық заемдар тартатын жағдайларды қоспағанда, оның таза алтын-валюталық активтерiнің 50 процентiнен аспайтын деңгейде белгiленедi. 3. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік қарыз алуы жергiлiктi атқарушы органның белгiленген қарыз алу және борыш лимиттерiмен тиісті қаржы жылының аяғындағы борыш лимитімен және жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен шектеледi. Жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджет кiрiсiнiң 25 процентiнен аспауға тиiс. Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыс көлемi тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджет кiрiсiнiң 10 процентiнен аспауға тиiс. Жергiлiктi атқарушы органдардың сыртқы заемдар тартуына жол берілмейді. ҚР 06.11.01 ж. № 252-II; 02.07.03 ж. № 443-II (бұр.ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Мемлекеттік заемдарды пайдалану тәртібі 1. Үкiметтiк заемдар бойынша алынған қаражат республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады және тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi атқару тәртібімен пайдаланылады. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заемдары бойынша алынған қаражат Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау мақсатына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерiн толықтыруға пайдаланылады. 3. Жергілiкті атқарушы органның заемдары бойынша алынған қаражат жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға жұмсалады және тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу тәртібімен пайдаланылады. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады. ҚР 06.11.01 ж. № 252-II Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету,
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |