Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне вексель айналысы, ақша Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж. № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат): бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) екiншi кезекте клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ еңбек шарты, оның iшiнде келісім-шарт бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегiне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт жөніндегі сыйақы төлеу бойынша есеп айырысу үшiн ақша алуды көздейтiн атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргiзiледi;"; екiншi бөлiктегi "атқарушы" деген сөз "тиiстi" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 756-баптың екiншi бөлiгіндегі "банк қызметiн реттейтiн заң актілерінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының банк заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат): 159-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "тыйым салу" деген сөздерден кейiн "(банктiң корреспонденттiк шотындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|