|
|
|
Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 Қаулысымен күші жойылды
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру мен мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасына сәйкес республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру мәселелерiн ретке келтiру мақсатыңда Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібі бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын жекешелендiрудiң мерзiмдерi мен түрлерiн айқындау үшін мүдделi министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен жұмыс комиссиясын құрсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншiктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың Тәртібі Осы Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру мен мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасының 5.5.-тармағына сәйкес әзiрлендi және республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың ерекшелiктерiн реттейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке тәртiпте қабылдайды. Құрылатын акционерлік қоғамдар қайта ұйымдастырылатын жоғары оқу орындарының және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарының құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады. 2. Республикалық меншiктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру 2. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары және ғылыми-техникалық саланың ұйымдары жарғылық капиталында мемлекет жүз процент қатысатын акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастыруға жатады. 3. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен әрбiр жағдайда жеке түрде жүзеге асырылады. 4. Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру оған белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастыру сәтiнде ұйымның балансындағы мемлекеттік мүлiктi салым ретiнде енгізу арқылы жүргiзiледi. 3. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдары қызметкерлерiнiң мүддесiн ескеру 5. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдары қызметкерлерiнiң мүддесiн ескеру мақсатында оларды акционерлік қоғамдар болып қайта ұйымдастырғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiмен акциялардың қосымша эмиссиясымен жарғылық капиталын ұлғайтуға рұқсат етіледi. Акциялардың қосымша эмиссиясы қайта ұйымдастырылатын жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың қызметкерлерi құрған және белгіленген тәртiппен тiркелген заңды тұлғалардың арасында жабық тәсiлмен орналастырылады. Бұл ретте акциялардың қосымша эмиссиясының сомасы шығарылған жарғы капиталының жалпы мөлшерiнiң 25 процентiнен аспауы керек. 6. Қосымша эмиссияның акцияларын орналастыруға осы эмиссияға уәкiлетті орган берген ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болған кезде ғана таратуға рұқсат етiледi. 7. Қайта ұйымдастырылған жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдары қызметкерлерi құрған заңды тұлғалар қосымша эмиссияның акцияларын төлеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Акцияларды төлеуге ақшадан басқа енгiзiлетiн салымды және оның бағасын аудитор растауы тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |