Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарға сәйкес осы қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетіне беруді және қажет жағдайларда оған иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді ресімдеуді қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 маусымдағы № 997 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 28, 249-құжат) 2-7-тармақтары; 2) "Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген машина жасау акционерлік қоғамдарын қаржылық сауықтыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі № 294 қаулысының 4-тармағының бесінші - сегізінші абзацтары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|