2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының ҚР 08.11.00 ж. № 95-II Заңымен 1-бап өзгертілдi 1-бап. 2000 жылға арналған республикалық бюджет, қосымшаға сәйкес, кiрiстерi бойынша 291 529 747 мың теңге, алынған ресми трансферттер бойынша 52 037 336 мың теңге, өтелiмi бойынша 3 947 607 мың теңге, шығыстар бойынша - 380 870 318 мың теңге, несиелендiру бойынша - 29 034 146 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi - 62 389 774 мың теңге немесе жалпы iшкi өнiмнiң 2,7 процентi мөлшерiнде бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Yкіметі республикалық бюджеттiң тапшылығын сыртқы және iшкi капитал рыногынан қарыздар алу есебiнен үкiметтiк борышты өтеудi ескере отырып, жабуды қамтамасыз етсiн. ҚР 08.11.00 ж. № 95 Заңымен 2-бап өзгертілдi 2-бап. Республикалық бюджеттiң кiрiстерi "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ мынадай түсiмдердiң: әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары; тәркiленген, иесiз мүлiктердi, қымбат металдар мен шетел валютасы түріндегі көмбелер мен олжаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер; Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәлiктер берiлгенi үшiн алынатын ақы; заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе оны өндiрiп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттi тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алудан алынатын сомалар түсiмдерi; өнiмдердi лицензиясыз әкеткенi үшiн төленетiн айыппұл сомаларының түсiмдерi; лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесi қызметтерiнен алынған кiрiстердi қоспағанда, өзiне лицензиялық тәртiп белгiленген лицензиясыз қызметтен алынған кiрiстердi алу; атқарушылық санкциялар; басқа да санкциялар мен айыппұлдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|