|
|
|
Мемлекеттік білім гранты туралы Қазақстан Республикасы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын атқару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім гранты туралы ережелер бекітілсін. ҚР Үкіметінің 27.05.00 ж. № 807 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi мемлекеттік білім гранты бойынша ел iшіндегі жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау бағдарламаларының әкiмшiлерi болып белгiленсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім гранты туралы ережелер 1. Осы Ережелер "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджеттен мемлекеттік білім гранттары түрiнде бөлiнетiн қаржының мақсатты пайдаланылуының тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік білім гранты - мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға құқық алған адамдарға кәсiптiк білім алуына төлеу үшiн тегiн берiлетiн ұлттық валютадағы мақсатты ақша сомасы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік білім гранттары берiлген адамдарға стипендия төленуi мүмкiн. 3. Мамандықтардың тiзбесi мен мемлекеттік білім гранттарының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын (наурыздың 31-нен кешiктiрмей) айқындайды және республикалық баспасөзде жариялайды. ҚР Үкіметінің 26.11.01 ж. № 1517 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Мемлекеттік білім гранттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде бөлiнедi. "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттік білiм грантын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады. Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының жалпы білім беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары таңдаған мамандықтары бойынша олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда мемлекеттік білім гранттарын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады. Қабылдау емтихандарын тапсырмай білім грантының берiлгендiгi туралы куәлiктi алудың және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдау жөнінде өтініш берудің тәртібі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленеді. ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 703 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Конкурсты жүргiзген кезде көрсеткiштер бірдей болған жағдайда, мемлекеттік білім грантын алуға құқықты жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша тиiстi білім ұйымдарында оқуға кемшiлiгi болмаса, бірiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер және үздiк білім туралы құжаты (куәлiк, аттестат, диплом) бар азаматтар басым ие болады. 6. Мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға құқық алған адамдар Қазақстан Республикасының өздерi таңдаған мамандық бойынша кадрлар даярлауға лицензиясы бар білім ұйымына қабылдау туралы өтiнiш бередi. Көрсетiлген өтiнiштiң берілуi білім ұйымына қабылдау үшiн сөзсiз негіздеме болып табылады. 7. Мемлекеттік білім тапсырысын білім ұйымдарының арасында бөлген кезде Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органы білім ұйымдары үшiн мiндеттi мынадай шарттарды басшылыққа алады: 1) мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруға рұқсат етiлген білім ұйымдарының мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша оқуға арыз берген адамдарды сөзсiз қабылдауы; 2) мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруға байланысты қабылдаған адамдарды оқыту бойынша келісімді бір жақты тоқтату құқығынан бас тартуы; 3) мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру тәртібімен өздерi қабылдаған адамдарды оқыту құнын төлеудiң мөлшерiн, оның iшiнде ұлттық валюта бағамы өзгерген жағдайда да, қайта қарау құқығынан бас тартуы; 4) мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру тәртібімен өздерi қабылдаған адамдарды оқыту мiндеттемесi бұзылуынан келтiрiлген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шығынды өтеуi. Оқуды ұйымдастыру үшiн басқа жағдайлар осы Ережеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібімен ғана белгiленуi мүмкiн. 8. Мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылатын оқыту қызметiн жүргiзу құқығына мемлекеттің лицензиясы бар білім ұйымдарының тiзiмiн Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органы республикалық баспасөзде жыл сайын 1 шiлдеден кешiктiрмей жариялайды. 9. Мемлекеттік білім гранты бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған оқу бiтiрушiлердi еңбекке орналастыруға жәрдем көрсетедi. 10. Мемлекеттік білім гранты құқығына ие болған талапкерлер қабылданған Қазақстан Республикасының білім ұйымы, қаржыландыруды ашу үшiн, Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органына аталған адамдардың қабылданғаны туралы бұйрықтың көшiрмесiн жiбередi. 11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен мемлекеттік білім гранттарын беруге көзделген қаражатты аталған қаржылық бағдарламаның әкiмшiсiне бөлудi жүзеге асырады. Мемлекеттік білім гранттарын қаржыландырудың тәртібін аталған бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып бекiтедi. 12. Білім ұйымына мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру тәртібімен қабылданған адамдар оқудан шығарылып қалған жағдайда, аталған грантты пайдалану құқығынан айырылады. 13. Мемлекеттік білім гранты негiзiнде оқитын адам басқа білім ұйымына ауыстырылған кезде мемлекеттік грант мөлшерiне түзету енгiзiледi, бірақ аталған грант мөлшерi көбейтiлмейдi. 14. Мемлекеттік білім гранты бойынша оқып жүрген адамға академиялық демалыс берiлген жағдайда мемлекеттік білім гранты бойынша оқу құқығы сақталады және академиялық демалыс берiлген мерзiмде оны қаржыландыру тоқтатылады (академиялық демалыста медициналық қорытындының негiзiнде болған грант иелерiне заңдарда белгiленген тәртiппен стипендиялар төлеу көзделген шығыстарды қаржыландыруды қоспағанда), ол мерзiмi аяқталғанда қалпына келтiрiледi. 15. Мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша оқитын адамға: 1) ол оқып жүрген (оқитын) білім ұйымы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған; 2) ол оқып жүрген (оқитын) білім ұйымынан лицензия қайтарып алынған немесе білім ұйымы лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайларда, басқа білім ұйымдарында қаржыландырудың жалғастырылатынына кепiлдiк берiледi. Бұл жағдайларда қаржыландыруды жалғастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиiстi бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнiң келісімiмен айқындайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |