|
|
|
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін және ҚР Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі; 2) Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерінің құрылымдары мен штат кестелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін. 3. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде және Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесінде көрсетілген лауазымдар атауына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атаулар қолдануға құқық берілсін. 4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: 1) "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілік сыныптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 12 шілдедегі № 3055 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 31, 279-құжат); 2) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығымен белгіленген лауазымдар санаттарына мемлекеттік қызметшілердің жекелеген лауазымдарын жатқызу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 қыркүйектегі № 3117 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 37, 351-құжат); 3) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 8-бабын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 шілдедегі № 3575 Жарлығы. 5. Осы жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 318 бекітілген Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |