Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 ақпандағы № 173 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже бекітілсін. 2. "Оқулықтарды жалпы білім беретін мектептерге бөлшек сатуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1338 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 157 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже 1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30 және 36-бабына сәйкес қабылданды. Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. № 489 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету, әдетте, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың шегінде қор жасау циклы бойынша жыл сайын толықтырылып отыратын, олардың кітапханалары арқылы жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері өздерінің оқуы кезінде тегін пайдаланды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|