|
|
|
Туристік қызметті лицензиялау мәселелері Қазақстан Республикасы (2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 14.09.01 ж. № 1213 қаулысымен күші жойылды 2. ҚР Үкіметінің 14.09.01 ж. № 1213 қаулысымен күші жойылды 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге уәкілетті мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесі мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын: "36. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі туристі қызмет"; 3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 14.09.01 ж. № 1213 қаулысымен Туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптары күшін жойды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы № 179 қаулысымен бекітілген Туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптары 1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдік туристер Қазақстан Республикасының аумағында қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристік сапарларды ұйымдастыру, транзиттік туристерге қызмет көрсету (жеке адамдардың гид-аудармашы, нұсқаушы, методист және топты алып жүруші қызметін көрсетуінен басқа) жөніндегі туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналар болып табылады: 1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін немесе туризм саласында бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің болуы; 2) әзірленген туристік бағыттар мен туристік қызмет көрсету бағдарламасының болуы; 3) туристерді қабылдау және қызмет көрсету үшін материалдық-техникалық базаның (немесе ниет шарттарының), оның ішінде орналастыру орындарының, туристік жабдықтардың, көліктің, туристік ұйымның кеңсесіне арналған үй-жайдың болуы; 4) жарнамалық-ақпараттық қызмет бағдарламасының болуы; 5) сақтандыру ұйымдарымен туристік қызметті сақтандыру туралы және жолаушыларды тасымалдаушылармен жасалған шарттардың (ниет шарттарының) болуы. 2. Тиісті білімі немесе арнайы курстарды бітіргені туралы құжаттың болуы гид-аудармашының, нұсқаушының, методистің және топты алып жүрушінің қызметіне қойылатын біліктілік талабы болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |