|
|
|
Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 19.06.01 ж. № 836 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өтініш жасаған азаматтарды есепке алу жөнінде статистикалық есеп жүргізудің нысандарын әзірлесін және бекітсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 444 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу Ережесі Осы Ереже жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғаларға жұмысқа орналасуға жәрдем сұраған жұмыссыздарды және азаматтарды "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес тіркеудің және есепке алудың тәртібін (бұдан әрі - Ереже) белгілейді. 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - азаматтар) жұмысқа орналасуға жәрдем сұрау үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғаларға өтініш жасауға құқылы. 2. Жұмыссыздарға еңбекке жарамды жастағы, жұмысы жоқ, еңбек етуге әзір азаматтар жатады. 3. Қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық деңгейлердегі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарды тіркейді және есебін жүргізеді. 4. Уәкілетті органдар еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар жөніндегі деректер базасын қалыптастырады. 2. Азаматтар мен жұмыссыздарды тіркеудің және есепке алудың тәртібі 5. Азаматтар тіркелу үшін уәкілетті органға, еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғаларға өтініш жасау кезінде мына құжаттарды: төлқұжатын (жеке басының куәлігі), еңбек кітапшасын немесе оны алмастыратын құжатты; білімі туралы құжаттарды, олар болмаған жағдайда кәсіби біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынады. 6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде уәкілетті орган, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған азаматтар қатарынан жұмыссыздарды деректердің компьютерлік базасына мәліметтер енгізу жолымен тіркейді. 7. Уәкілетті орган, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар азаматтардың дербес есепке алу кәртішкесін ашады. Азаматтарды дербес есепке алу кәртішкесінің нысанын (бұдан әрі - кәртішке) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді. 8. Жұмыссызды есептен шығару жұмысқа орналастырылуына байланысты, сондай-ақ олар уәкілетті органға, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға бір айдың ішінде бармаған жағдайда жүргізіледі. 9. Азаматтармен оларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүргізілетін жұмыс туралы мәлімет (жұмыс берушілерге, қоғамдық жұмыстарға жіберу, кәсіптік бағдар беру, жұмыссыздарды кәсіби оқуға жіберу) деректердің компьютерлік базасында сақталады және кәртішкеге енгізіледі. 10. Жұмысқа орналасуға өтініш жасаған азаматтарды және олардың қатарындағы жұмыссыздарды деректердің компьютерлік базасы және кәртішкелер бойынша есепке алу жеке-жеке жүргізіледі. 3. Мемлекеттік статистикалық есепті ұсынудың тәртібі 11. Еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар статистикалық есепті айға, тоқсанға жасайды және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. Жұмыссыздардың екі рет тіркелуін болдырмау үшін еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға статистикалық есеппен бірге оларды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздармен теңестіру мақсатында өздері тіркеген және есепке қойған жұмыссыздардың тізімін ұсынады. 12. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айға, тоқсанға, статистикалық есеп жасайды, еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалардың деректерін ескере отырып, жиынтық есеп жасайды және оны облыстық деңгейдегі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тапсырады. 13. Облыстық деңгейдегі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айына, тоқсанына мемлекеттік статистикалық есепті орталық атқарушы органға ұсынады. Орталық атқарушы орган статистикалық есепті мемлекеттік статистикалық органға тапсырады. 14. Есептердің нысандары мен оларды ұсынудың мерзімдерін Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілейді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |