Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Жедел іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат): 8-баптың 1-тармағының ж) тармақшасы "хабарламаларын," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын: "47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру Қазақстанның Ұлттық Банкі банктер мен олардың клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ банктердің қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдауы және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді."; 2) 48-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлем жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|