|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне (2005.19.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысты жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 қарашадағы № 1654 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Министрліктер, агенттіктер мен өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) өздерінің нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 565 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 11, 197-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар қолдану тәртібі туралы ережеде: 18-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара берешегінің ішкі республикалық есебі бойынша есеп айырысуды аяқтау тәртібі туралы» 1994 жылғы 5 сәуірдегі № 1641 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 12 сәуірдегі № 372 қаулысында: 2-тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын. 3. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 857 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. «Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді пайдалануға беруді жеделдету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қазандағы № 1098 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 38 348-құжат): 1-тармақта: 1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесе отырып» деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді белгіленген тәртіппен инвесторларға беру жөніндегі конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.»; 2-тармақ алынып тасталсын.
Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 565 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара борыштарының ішкіреспубликалық есептерін жүргізудің белгіленген ережелерін бұзуға жол берген шаруашылық жүргізуші субъектілер мен банкілерге қолданылатын ықпал ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 тамыздағы № 890 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 34, 375-құжат). 2. «Директивалық кредиттер мен 1994 жылғы өзара борыштардың ішкі республикалық есебінің нәтижелері бойынша берілген кредиттерді және олар бойынша проценттерді өтеудің шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы № 214 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 8, 61-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы № 214 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 сәуірдегі № 444 қаулысы. 4. «Облыс бюджеттеріне ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 619 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 16, 138-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы № 214 және 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 мамырдағы № 795 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 18 163-құжат). 6. «Мемлекеттік қаржы ақпаратын жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 маусымдағы № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 25, 227-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің, өзге орталық атқарушы органдарының және ведомстволарының басшыларына (басшыларының орынбасарларына) сыйақы беру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 маусымдағы 964 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 26, 238-құжат). 8. «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуге байланысты заң жобаларының пакетін дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 25 тамыздағы № 161 өкімі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |