|
|
|
Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы Қазақстан (2006.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 755 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 15-бабына, "Заңдық актiлердi одан әрi жетiлдiру жөніндегі жұмыс туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде материалдық-техникалық құралдарды негiздi талап ету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2006.27.11. № 1125 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1281 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) ҚР Үкіметінің 2006.27.11. № 1125 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4) ҚР Үкіметінің 2006.27.11. № 1125 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсін: 18-тармақтың 1) тармақшасындағы екiншi, үшiншi және бесiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілерін азық-түлікпен қамтамасыз ету нормалары; Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерін және мекемелерін мал дәрігерлік мүлкімен жабдықтау нормалары". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінiң 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 23.07.04 ж. № 788 қаулысымен № 52 нормамен толықтырылды № 52 Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде халықаралық мiндеттемелердi орындайтын арнайы мақсаттағы бөлiмшелер мен бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен, арнайы киiммен, жылы заттармен, керек-жарақтармен, спорттық мүлiкпен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етудiң нормасы*
* Осы норма бойынша офицерлер, прапорщиктер, келісім-шарт бойынша және мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi қамтамасыз етiледi. ** Осы мүлiк бөлiмшелер мен бөлiмдердiң мүкәммал мүлкі болып табылады және жеке құрамның тізімдік санына беріледі. *** Міндеттерді орындау өңіріне байланысты түсін айқындау. Ескерту: 1. Жүннен тоқылған свитер, жылы іш киім мен жүннен тоқылған қолғаптар суық климатты және суық климатты аудандарға теңестірілген аудандарда беріледі. 2. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне беріледі. 3. Тізеқаптар мен шынтаққаптар бөлімшелер мен бөлімдер жеке құрамының 50% әскери қызметшілеріне, ал инженерлік-саперлік бөлімшелер мен бөлімдер әскери қызметшілер жеке құрамының 100%-ына беріледі. 4. Қалқанымен титанды дулыға инженерлiк-саперлiк бөлiмшелер мен бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiне берiледi. 5. Бандана (таңғыш), күннен-шаңнан қорғайтын және күннен қорғайтын көзiлдiрiктер ыстық климатты аудандарда берiледi, күннен қорғайтын көзiлдiрiктер тауларда және тұрақты қар басқан аудандарда берiлсiн. 6. Секiруге арналған бәтеңкелер парашютпен секiретiн әскери қызметшiлерге берiледi. 7. Алюминдi фляга мен флягаға арналған тыс ыстық климатты аудандарда беріледi. 8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнде кевларлы дулығамен, қалқаны бар титанды дулығамен, кевларлы броньды беренмен, тізеқаптармен, шынтаққаптармен, кевларлы дулығаға тыспен қамтамасыз етудi инженерлiк қызмет, ал құрастырылған бақырмен, бақырға арналған тыспен, алюминдi флягамен және флягаға арналған тыспен қамтамасыз етудi азық-түлiк қызметi жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |