Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларының ауысуы және ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.13.01. № 13 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңына сәйкес бұйырамын: 1. "Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларының ауысуы және оқушы қатарына қайта тағайындалуы туралы қағида" бекітілсін (қоса беріліп отыр). 2. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ.А. Лекер) белгілі ретпен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын. 3. Облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттері) осы бұйрықты бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарының оқу орындарына мәлімдеп жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау вице-Министр Ә.С.Ахметовке жүктелсін. Министрдің міндетін атқарушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы сәуір айының 25 күні № 391 бұйрығымен бекітілген Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларының ауысуы және оқушы қатарына қайта тағайындалуы туралы қағида 1. Жалпы ереже 1. Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларының ауысуы, оқушы қатарына қайта тағайындалуы жөніндегі осы ереже Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының орындалуы мақсатында әзiрленген және оқушылардың оқу орындарының бiрiнен екiншiсiне, бiр мамандықтан басқа мамандыққа немесе оқудың бiр түрiнен екiншi түрiне, мемлекеттік емес оқу орнынан мемлекеттік оқу орнына ауысу ретін анықтайды. 2. Бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының бiрiнен екіншiсiне ауысу, сонымен қатар орта кәсiптiк оқу орындарынан оқудан шыққан оқушыларды оқуға қайта тағайындау жаздық және қыстық демалыс уақыттарында жүргiзiледi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|