Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2004 жылғы 20 қарашадағы № 953 бұйрығымен күші жойылды
Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу, қорытынды аттестаттау кезiнде білім процесi субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтау мақсатында бұйырамын: 1. Қоса берiлген жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртібі туралы Ереже бекiтілсiн. 2. Жоғары білім департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсiн. Министрдің міндетін атқарушы және ғылым министрлігінің 2000 ж. 12 шілдедегі № 714 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ережелер жоғары оқу орындарында (ЖОО-да) білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртібі туралы (ары қарай - Ережелер) 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы "Білім туралы" заңына сәйкес әзiрленген. 2. Ереже жоғары оқу орындарында, олардың меншiк түрi мен ведомстволық бағыныштылықтарына қарамастан, білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды. 3. Білім алушылардың жоғары кәсiби білімге сәйкес мемлекеттік жалпы мiндеттi стандартты игерулерiн анықтау мақсатында жүргiзiлетiн, нәтижесiнде білім туралы құжат (диплом) беретiн қорытынды мемлекеттік аттестаттау (процедура) iс жосығы болып табылады. 4. Жоғары кәсiби білім беретiн білім алушыларды қорытынды аттестаттау жоғары оқу орындарының оқу жоспарында анықталған белгiлi бір мерзiмде жүргізiледi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|