Қорғау, өтем немесе демпингке қарсы шараларды енгізу алдындағы анықтауды жүргiзу ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы, «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi және «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қорғау, өтем немесе демпингке қарсы шараларды енгізу алдындағы анықтауды жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жариялауға жатады.
Үкіметінiң 2000 жылғы 9 қыркүйектегі № 1374 қаулысымен бекітілген
Қорғау, өтем немесе демпингке қарсы шараларды енгізу алдындағы анықтауды жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының «Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы», «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» және «Демпингке қарсы шаралар туралы» Заңдарын сәйкес әзiрленген осы Ереже қорғау, өтем және демпингке қарсы шараларды енгізу жөніндегі анықтауды жүргiзу тәртібін (бұдан әрi - анықтау), анықтау жүргiзу кезiнде отандық тауар өндiрушiлердің мүдделерiн қорғау және көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік органдардың және мүдделi тұлғалардың өзара қатынастарын, құқықтарын және мiндеттерiн айқындайды. 2. Ережеде жоғарыда көрсетiлген заңдарда көзделген негiзгi ұғымдар пайдаланылады.
1-тарау. Өтiнiштi қарауға қабылдау
3. Қорғау шараларын енгізу алдындағы анықтау: 1) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тапсырмасына сәйкес; 2) отандық өндiрушiлер немесе өндiрушiлер бiрлестiктерiнiң қорғау шараларын қолдану туралы берген өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|